Шымкентте залалсыздандыру жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр

Шымкент қаласында орналасқан базарлар мен банктерде залалсыздандыру жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр. Мысалы, бүгін таңертең Абай ауданы бойынша жұмыс істеп тұрған 9 базарға дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді. Одан бөлек, банктерді де санитарлық тазалау барысы іске асырылды.

Атап айтсақ, Темірлан тас жолындағы «Халық банк» пен «Каспий банк», Б.Момышұлы және А. Асқаров көшелеріндегі Халық банк. Ал «Хоум банкте» де санитарлық талаптар қатаң бақылауда. Яғни, қаржы ұйымдарында жағдай тұрақты.

Осы ретте дезинфекцияжұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

Дезинфекция жұмыстары жалғасуда

Аудан аумағында жалпы 672 көпқабатты тұрғын үй, 2244 кіреберіс алаңдары және 400 ойын алаңдары бар. Қазіргі таңға көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын және кіреберістеріне және басты көшелер мен ішкі орамдық көшелерге дезинфекция жұмыстары жалғасуда. Заласыздандыру жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес арнайы мамандар жүргізуде. Жұмылдырылған азаматтар арнайы техникамен, қорғаушы костюм және арнайы шашушы құралдармен қамтамасыз етілген. Аталған жұмыстар кестеге сәйкес, күнделікті өз жалғасын табатын болады.

 

 

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*