Еліміздің үшінші мегаполисінде әлемге қауіп төндіріп тұрған аты жаман індеттің алдын алу мақсатында санитарлық талаптарды сақтау жөнінде мониторингтік топ тұрғындарға түсіндіруді жандандыра түсті.
Шымкент қаласының Бас санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 17 мамырдағы №17 қаулысына сәйкес, коронавирус індетінің таралуына жол бермеу мақсатында қала аумағында түсіндірме жұмыстары қарқынды жүруде.
Қаладағы әл-Фараби ауданында орналасқан коммерциялық нысандарының иелеріне және тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша сақтық шаралары қайта қайта түсіндіріліп, күшейтіліп жатыр.
Аталған мониторингтік топтың құрамында аудан әкімі аппараты, аудандық полиция және тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы қызметкерлері бар. Олар коммерциялық құрылымдарды іріктеп, түсіндіру жұмыстары іске асырып отыр. Яғни, санитарлық нормалардың сақталу барысына бақылау жүргізіп жүр.
Қауіпті сейілтіп, індетті өршітпеу мақсатында түсіндірме жұмыстары өзге аудандарда да жалғасып жатыр. Әр адам саулығына ең алдымен өзі жауапты! Короновирус жұқтырғандардың қатарын көбейтпеуге әрқайсысымыз атсалысуымыз қажет.
Пікір қалдыру