Шымкент қаласында да короновирус инфекциясын жұқтырғандар азайып кеткен жоқ. Сондықтан да мамандар қауіптің алдын алу туралы ескертеді. Бүгінгі таңда Қазақстан бойынша 13 558 азаматтың коронавирус індетін жұқтырғаны анықталған. Соның ішінде 8531 науқас аты жаман аурудан емделіп айығып шыққан. Ең өкініштісі, короновирус инфекциясын жұқтырған 67 адам вирустың құрбаны болып отыр.
Шымкентке келер болсақ, еліміздің үшінші мегаполисінде адамзатқа қауіпті індетті жұқтырғандар саны — 1022 адамға жетті. Жұқпалы аурумен ауырғандар санын арттырғыңыз келмесе, сіз де арнайы мамандар кеңесіне құлақ түріңіз. Санитарлық талаптарды сақтап, адам көп шоғырланатын жерден алшақ ұстап және отбасылық іс-шараларды уақытша шегере тұрыңыз. Әлемдік пандемияға байланысты төрткүл дүние жұртшылығы санитарлық және эпидемиологиялық талаптарына аса жіті мән беріп отыр. Қауіпті дерттің алдын алып, өз-өзімізді күту арқылы короновирус инфекциясының кең таралуына жол бермейміз. Жақыныңыз бен сүйіктілеріңіздің денсаулығын ойласаңыз мамандар ескертуіне құлақ асқан абзал. Короновирустың өршуіне себепкер болмайық!
Пікір қалдыру