Шымкентте ЖІӨ көлемі өскен. Жуырда студенттердің жатақхана мәселесі де шешілмек

Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымов, шаһардағы «Түркістан» сарайына халық жиып есеп берді, деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі.

«Түркістан» сарайында болған есепті кездесуге жергілікті тұрғындармен қатар, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев пен ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы Е.Егемберді қатысты.

Қаланың экономикалық және әлеуметтік салаларында атқарылған жұмыстарға тоқталған ол 2018-ші жылы негізгі әлеуметтік-экономикалық даму индикаторларына толық қол жеткізілгенін атап өтті.

«Жалпы өңірлік өнім 7,6 пайызға өсіп,1,3 трлн. теңгені құрады. Ал, өнеркәсіп өнімінің көлемі 4,5 пайызға өсіп, 476,7 млрд. теңгені құрады. 2018 жылы индустрияландыру бойынша құны 592 млрд. теңгені құрайтын 10 жоба іске қосылып, мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылды. Бұдан бөлек, шағын және орта бизнесте 58 мыңнан астам субъекті белсенді жұмыс істесе, онда 142 мың адам жұмыспен қамтылған. Олармен өндірілген өнім көлемі 524 млрд.теңгеге жетті»,-деп айтты Ғ.Әбдірахымов.

Сонымен қатар, Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы аясындастуденттердің жатақхана жағдайын жақсарту бойынша «Тұран» шағынауданынан 8 гектар жерге 5 мың орындық 14 жатақхана салу жоспарлануда. Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлер арқылы 200 және 500 орындық жатақхана салу үшін келісім-шарт жасалынған. Одан бөлек, Медицина академиясының өз қаржысы есебінен қолданыстағы ғимаратты 450 орындық жатақхана етіп қайта құрылады. Жалпы студенттерді жатақханамен қамту мәселесі 2021-2022 жылдары толық шешілетін болады.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*