Шымкентте темір жол вокзалында санитарлық талаптар күшейтілген

 

Шымкенттегі темір жол вокзалында коронавирус  инфекциясына қарсы тәртіп күшейген. Әлеуметтік ара қашықтықты сақтау, бетперде режимі мен вагондар арасында жолаушылардың жүріп-тұруы талапқа сай жүргізіліп жатыр.

Ал, жолаушылардың дене температурасы ғимараттың ішіне кіреберісте автоматты түрде анықталып, күзетшілерге монитор арқылы белгі береді. Ауа баптағыш құрылғылар арқылы сәт сайын  дизенфекциялық жұмыстар жүргізіледі.

— Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін ғимарат тазалығына 10 қызметкер жұмылдырылған. Күніне 4 мезгіл дизенфекция жасалады. Жазғы демалыс маусымы басталғалы бері пойыз жол қызметіне жүгінген жолаушылар қатары да артқан. Тұрғындар тек тасымалдау тоқтамаса болды, тәртіпті сақтауға дайынбыз, — дейді Шымкент Темір жол вокзалының басшысы Ерғали Мырзахмет.

Еске сала кету керек, бүгінде елімізде жолаушылар пойызы бірінші маусымнан жүре бастады. Шойын жол тасымалын іске қосу үш кезеңнен тұрады. Темір жол билеттері 15 мамырдан бастап  сатыла бастаған. Осы уақытқа дейін Шымкент темір жол вокзалынан 7000-ға жуық билет сатылған.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*