Шымкент қаласының құтқарушылары тауға достарымен демалысқа барып адасып кеткен үш жасөспірімнің екеуін тауып, аман есен туғандарына табыстады. Өкінішке қарай, «Біркөлікке» достарымен демалуға барып адасып кеткен үшінші бозбала қайтыс болды. 15 маусым күні сағат 22.50 шамасында Түркістан облысы Төлеби ауданы Біркөлік демалыс аймағында бір топ бала тауға шығып, 3-еуінің жоғалып кеткені туралы хабарлама кеп түскен. Топта 10 адам болған. Тоғызы 2003 жылы туған оқушылар болса біреуі тәрбиеші. Демалушылардың 7-еуі таудан өздері түскен.
Демалыс аймағы Түркістан облысы Төлеби ауданы Алатау ауылдық округі Біркөлік ауылында орналасқан. Аталған мекенжай бойынша сағат 23.00-де жолға шыққан құтқарушылар сағат 00.58-де жоғалғандардың бірінің денесін тапқан. 2003 ж.т. жігіттің денесін тауып, таудан түсіріп, полиция қызметкерлеріне тапсырды. «Алдын ала болжам бойынша түнгі уақытта ол абайсызда таудан құлаған. Қалған екі адаммен байланыс орнатылып, нұсқаулықтар берілді және бүгін 16 маусымда таңертен сағат 07.00-де іздестіру жұмыстары жалғастырылып, нәтижесінде құтқарушылар адасып кеткен екі адамды тауып, оларды аман-есен таудан түсірді,»- деп мәлімдеді Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Пікір қалдыру