Түркістан: Шардаралық диқандар 6500 тонна қарбызды экспорттап үлгерді

 

Түркістан облысы Шардара ауданының диқандары бүгінгі күнге дейін 6500 тонна қарбызды экспорттап үлгерді. Шардаралық шаруалардың адал еңбегінің жемісі, диқандар баптаған өнім Қазақстан аумағына және ТМД елдеріне жөнелтілген. Бүгінде тұтынушылар мен кәсіпкерлер қарбызды егістік алқабының басынан бір келісін 80-95 теңге аралығында сатып алып жатыр.
Айта кету керек, биыл Шардара ауданында 10710 га жерге бақша өнімдерін егу жоспарланған. Қазіргі таңда соның  7380 гектарына  бақша дақылдары егіліп, көктемгі егіс жұмыстары жалғасып жатыр. Егістік алқаптарына да минералды тыңайтқыштар тасымалданып жатыр. «Нимэкс» пен «Мырзакент» ЖШС-і шаруаларға минералды тыңайтқыштар тасымалдауды фьючерс арқылы таратуды қолға алған.
Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге Үкімет тарапынан жеңілдетілген бағада 3120 тонна жанар-жағармай бөлініп, ақпан айына 780 тонна және наурызда 780 тонна, сәуір айына 910 тонна және мамыр айына 650 тонна жеткізілген. Сондай-ақ, операторлардың жанар-жағармай бекеттерінде жеңілдетілген бағада 160 теңгеден жанармай босатылып жатыр.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*