Шымкент: Контрафактілік өнімдермен күресу мәселелері қаралды

Контрафактілік өнімдермен күресу және айналымдағы заңсыз тауар таңбалары тақырыбында онлайн форматта семинар өтті. Шымкент қаласының Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің ұйымдастыруымен ҚР Бас прокуратурасының құқықтық стаистика және арнайы есепке алу комитетінің Шымкент қаласы бойынша басқармасы, Шымкент қаласының прокуратурасы, Экономикалық тергеу департаменті және Шымкент қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қызметкерлерінің қатысуымен Zoom-конференциясы форматында «Контрафактілік өнімдермен күресу және айналымдағы заңсыз тауар таңбалары» тақырыбында семинар өткізілді.
Іс шара барысында, зияткерлік меншік саласындағы заңнама нормаларының негізгі түсініктеріне тоқталып, тауар белгісінің құқықтық бұзушылықтар түрлері жайында, тауар белгісін пайдалану, басқа тауар белгісін пайдалану кезінде құқығын бұзғаны үшін тартылатын жауапкершілік жайында түсініктер берді.
Семинардың мақсаты — зияткерлік құқықтарының қорғалуының тиімділігін арттыру және құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып контрафактімен күресу.
Сонымен қатар, контрафактімен күресу кезінде туындайтын проблемалар мен оның шешу жолдары кеңінен талқыланды.
Сондай-ақ, құқық қорғау органдары мен басқа да мемлекеттік мекемелермен пікір алмасу кезінде, барлығына ортақ мәселе болған контрафактімен күресу кезінде туындайтын проблемалар мен оның шешу жолдары кеңінен талқыланып, бірлесе жұмыс жасауы болып табылды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*