Түркістан облысы Жетісай ауданында жылыту маусымына дайындық барысы пысықталып жатыр. Аудан аумағында тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін түсіндіру жұмыстарын жүргізіліп жатыр. Мәселен, жылыту маусымында улы газбен уланудың орын алатын төтенше жағдайлардың алдын алу, өрт қауіпсіздігін күшейту мақсатында, Жетісай ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі және №03 МӨСБ жеке құрамымен бірлесіп, Жетісай ауданындағы ауылдық округ тұрғындарына өрттің пайда болу факторларының басым көпшілігі, жеке тұрғын үй секторларында орын алатыны жөнінде, және осыған орай, Жетісай ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ауыл округтағы тұрғын үйлерді аралау жұмыстарын жүргізу барысында «жылу пештерін жұмыс жағдайларына қарап анықталған кемшіліктерді дер кезінде жою» «Жылу маусымында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау», «Улы газбен уланудың алдын алу» «Тұрмыстық құралдарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау» тақырыптар түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жаднамалар мен парақшалар таратылды. Жылыту маусымы қарсаңында қауіпсіздік ережелерін түсіндіру жұмыстарын жүргізу сынды маңызды шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады деп жоспарлануда.
Ұқсас жаңалықтар
САЙРАМДАҒЫ СҮТ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ — ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСУДА
Сайрам ауданында Түркістан облысының бірқатар өндіріс орны шоғырланған. Ауданға жұмыс сапарымен барған Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды «TAYIBA» сүт өңдеу зауытының жай-күйімен танысты. Бұл зауыт бастапқыда үй жанындағы шағын цех ретінде ашылып, сүттен 5 түрлі […]
БИЫЛ ОБЛЫСТА 42 ШАҒЫН ӨНЕРКӘСІПТІК АЙМАҚТЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Түркістан облысында жұмыс істеуге қызығушылық танытып отырған шетелдік компаниялар ауыл шаруашылығы, азық-түлік өндірісі секілді салаларды дамытуда бірлесе жұмыс жаусауға дайын. Жаңа зауыт, фабрикалардың іске қосылуы өңір халқының әл ауқатын жақсарта түспек. Ең бастысы – жаңа […]
Түркістан: Облыста инвестициялық 13 жоба жүзеге асып жатыр
Түркістан облысының әкімдігі мен «Turkistan Invest» инвестицияларды тарту және экспортты дамыту жөніндегі өңірлік Агенттігі биылғы соңғы 6 айда инвесторлармен 22 кездесу өткізді. Оның 17-сі шетелдік компаниялардың қатысуымен өткен. Бұл компаниялар өңірімізге шамамен 234 млрд. […]
Пікір қалдыру