Шымкент қаласына қарасты Еңбекші ауданы аумағында ұзындығы 732 шақырымды құрайтын 728 көше мен өткел бар. Жолдардың 535 шақырымы, яғни 73 пайызы асфальт, 158 шақырымы (21,6 пайыз) тас, 38 шақырымы (5,3%) топырақты құрайды.
Тұрғындардың ыңғайына қарап, жолдардың жағдайын жақсартуға жылдан жылға жіті көңіл бөлініп келеді. Мәселен 2021 жылы 4 магистралдық және
53 қалаішілік көше асфальтталып жөнделді.
Ал, 2022 жылы жалпы 86,4 шақырымды құрайтын 132 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілген.
Одан бөлек «Базарқақпа» тұрғын алабындағы Сайрам су өзенінен өтетін көпір қайта құрылып, тұрғындардың игілігіне тапсырылды.
Биыл 2023 жылы ұзындығы 45,5 шақырымды құрайтын 73 көшені жөндеу жоспарланған. Қазіргі уақытта 38 көше асфальтталып, 25 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, 9 көше бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы өтіп жатыр.
Сонымен қатар «Исфиджап» тұрғын алабында ауыз су құрылысы жүргізілетіндіктен 1 көше 2024 жылға ауыстырылды. Алдағы жылдың жоспарындағы көше құрылыстарымен бірге жүргізілетін болады. 2027 жылға дейін жаңа құрылыс аймағындағы инфрақұрылым жүйесі толық аяқталған жағдайда аудан аумағындағы қанағаттанарлық жол үлесі 100%-ға жеткізу көрсеткіші жүзеге аспақ. Бұл Президентіміз Қасым -Жомарт Тоқаевтың қаланы дамыту бойынша берген тапсырмасының орындалуының көрсеткіші. Шымкенттегі басқа да аудандардың көшелері де күрделі жөндеуден өтетін болады.
Өткен жұма Шымкент қаласында Шаңырақ және Бадам-1 тұрғын алаптарының тұрғындары жергілікті билік пен құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесті. Жиынға Еңбекші ауданының әкімі Д. Есілбек, қалалық мәслихат депутаты Б. Әшірбаев, аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі […]
Шымкент қаласында Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Егеменді ел – жарқын болашақ» атты маңызды кездесу өтті. Іс-шара жастардың құқықтық санасын көтеруге, оларды заманауи қауіп-қатерлерден қорғауға және азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға арналды. Жиынға бірнеше сала мамандары […]
На прошлой неделе в Шымкенте сотрудники полиции доставили на штрафстоянку около 300 электросамокатов, оставленных в неположенных местах. Меры были приняты в ходе рейда, проведённого по многочисленным жалобам жителей и с целью обеспечения безопасности дорожного движения […]
Пікір қалдыру