Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрына арнайы барып, театрдың тыныс-тіршілігімен, ондағы шығармашылық атмосферамен танысты. Өңірдегі балаларға арналған бірден-бір мемлекеттік жалғыз өнер ордасы — Қуыршақ театрының құрылғанына биыл 40 жыл!
Көрермен көзайымы болған театр репертуарында отандық және шетелдік авторлардың қазақ және орыс тілдерінде 150-ге жуық қойылымдары сахналанып, қазіргі репертуарда 60-қа жуық қойылым жоспарланған. «Алтын қордағы» ертегілермен қатар, қазақстандық, шетелдік, жергілікті авторлардың шығармаларынан ересектерге арналған туындылар сахналанып келеді.
Дегенмен, театрдың бүгінгі түйінді мәселесі – өнер ұжымына берілген ғимараттың ескіріп, тозуы. Қала басшысымен кездесу барысында осы мәселе қозғалды. Мұрат Дүйсенбекұлы алдағы уақытта ғимарат мәселесін шешу жолы мен ұсыныстар әзірлеуді қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысына тапсырды.
Айта кетейік, мәденит, өнер саласындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында театр 17 шетелдік, оның ішінде Перу, Эстония, Латвия, Италия, Франция, Түркия, Қытай, Корея, Иран мемлекеттері және 7 қазақстандық, Алматы, Ақтөбе, Қостанай қалалары мен Маңғыстау облыстық қуыршақ театрларымен екі жақты меморандум жасалды. Алдағы уақытта театрдың 40 жылдық мерейтойына орай халықаралық қуыршақ театрлары фестивальін өткізу жоспарлануда.
Театр Қарағанды қаласында өткен «Куклияндия» халықаралық қуыршақ театрлары фестивальдеріне қатысып, үздік балалар қойылымы атты номинацияны жеңіп алды. Мұрат Дүйсенбекұлы өнер ұжымының басшылығы мен театр труппасына шығармашылық шабыт пен өрлеу тіледі.
«Іскер қала» іс-шара жоспары шеңберінде 257 жобаға қолдау көрсетілген. Бұл туралы Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Ермек Тұрманов баспасөз брифингінде айтып өтті. – Есепті кезеңде 130 104 іс-әрекеттегі шағын және орта […]
Пневмониямен ауырып көз жұмған анасының өліміне медицина қызметкерлерін кінәлаған Айжан Ергешованың шағымы негізінде Шымкент қаласы әкімдігі арнайы комиссия құрылды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі болған жайды анық-қанығын нақтылауға […]
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жақында ғана іске қосылған «Зәуре» жылыжайының жұмысымен танысты- деп хабарладйы «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі «Egemen.kz» сатйына сілтеме жасап. Шаруашылықтың дайын өнімімен танысқан шаһар басшысы климаттың қолайлылығын пайдаланып, отандық және шетелдік нарыққа […]
Пікір қалдыру