Пневмониямен ауырып көз жұмған анасының өліміне медицина қызметкерлерін кінәлаған Айжан Ергешованың шағымы негізінде Шымкент қаласы әкімдігі арнайы комиссия құрылды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі болған жайды анық-қанығын нақтылауға тапсырма берген.
Әлеуметтік желілерде анасы пневмония дертіне шалдығып көз жұмған Шымкент қаласының тұрғыны Айжан Ергешованың жазбасы қызу талқыға түскен. Автор медицина қызметкерлерін анасының өліміне себепші болғанын айтады. Бұл жағдайды Шымкент қаласы әкімдігі назарға алып, шағым негізінде болған жайдың бүге шігесіне дейін зерделеу үшін арнайы комиссия құрып отыр.
«8 шілдеде әйел жұқпалы аурулар ауруханасына ауыр жағдайда түсті. Науқасқа қажетті медициналық көмектің толық көлемі көрсетілді. Емдеу Денсаулық сақтау министрлігінің протоколы бойынша жүргізілді. Алайда соған қарамастан оның денсаулығы жақсарған жоқ. Біз бұл жағдайда егжей-тегжейлі тексеріс жүргізетін тәуелсіз комиссия құрдық. Егер кінәлілер анықталса, олар міндетті түрде жазаланады », — деп мәлімдеді Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Тәуелсіз комиссия жүргізген тексеру нәтижесі міндетті түрде жарияланатын болады.
Шымкент қаласы әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен сегізінші шақырылымдағы қала мәслихатының кезектен тыс он тоғызыншы сессиясы өтті. Күн тәртібінде 2024 – 2026 жылдарға арналған қала бюджетін нақтылау, абаттандыру мәселелері қаралды. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы […]
Уважаемый Нурсултан Абишевич! Нас, представителей этнокультурных объединений Шымкента радуют и вдохновляют успехи нашей страны на мировой арене, где Казахстан стал не только равноправным субъектом международных отношений, но и признанным лидером в плане ядерного разоружения и […]
Шымкент қаласында жедел медициналық жәрдем қызметін күшейтуге бағытталған маңызды қадам жасалды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков шаһарды жұмыс сапарымен аралау барысында жедел медициналық жәрдем қызметіне арналған 30 жаңа санитарлық автокөліктің кілтін салтанатты түрде табыстады. Мегаполис басшысы […]
Пікір қалдыру