Шымкент қаласына пневмония мен covid-19 емдеуге арналған дәрі-дәрмектер жеткізілді

 

Шымкент қаласына Ресей, Өзбекстан, Беларусия, Украина және Үндістан елдерінен жұқпалы ауруларды емдеуге арналған дәрі-дәрмектер келіп түсті.
Сондай-ақ, 4 млрд теңге ($10 миллион) сомаға келісім-шарт жасалған фармацевтикалық өндірушілерден тікелей қала аумағына жүк ұшағы мен үш жүк көліктері келді.

Шымкент қаласына дәрілік препараттарды тасымалдауға рұқсат етілген сегіз компания жеткізді. Атап айтқанда: левофлоксацин, цефтриаксон, дексеметазон, аскорбин қышқылы және басқа да препараттардың 20-дан астам түрі әкелінді.

Аталмыш жұмыстар мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес,ел халқын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп отыр.

Дәріханаларға келіп түскен дене қызуын төмендететін және вирусқа қарсы препараттар ЖРВИ, COVID-19, пневмонияны емдеуге арналған.

Өзге елдерден қажетті дәрі-дәрмектердіжеткізуге жергілікті сегіз компания рұқсат алған. Шымкент қаласына Өзбекстан Республикасынан дәрі-дәрмектерді бес компания жеткізіп отыр. Дәрі-дәрмектерді жеткізу бойынша келісім-шарттың сомасы төрт миллиард теңгеден асады.
Сонымен қатар, «Ақ ниет» компаниясы дәрі-дәрмектің — 14 түрін, «Зерде» — 10, «Аптека-5»-8, «Қойбағаров» ЖК — 9, «Отау Мед» — 23 түрін жеткізді.

Қазіргі таңда, келіп түскен дәрі-дәрмектер қаланың ірі дәріханаларына толық жеткізілді. Бүгінгі таңда, дәрі-дәрмектерді жеткізу бойынша жұмыстар тұрақты тұрақты жүргізілуде.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*