Шымкент қаласында өткен тәулікте «COVID-19» инфекциясын тағы 46 адам жұқтырып алғаны анықталды

Шымкент қаласында өткен тәулікте «COVID-19» инфекциясын 46 адам жұқтырып алғаны анықталған. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жедел желісінің соңғы мәліметіне сүйенсек, өткен тәулік ішінде еліміздің 366 азаматынан коронавирус инфекциясы табылған. Оның ішінде 46-сы — Шымкент қаласының тұрғыны.

Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық дейді дәрігерлер. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынып жатыр. Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары мен дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

Қосымша айта кетсек, Шымкент қаласы бойынша COVID-19″ инфекциясын жұқтырғандар саны бүгінде 1143-ге жетсе, жазылып шыққандар саны 446 адамды құрайды. Ал, індеттен қайтыс болғандар саны, өкінішке орай 10-ға жеткен.

Осыған байланысты, медицина мамандары қала тұрғындарына қатерлі індеттің әлі де қауіп төндіріп тұрғанын ескертеді. Сақтық шараларына салғырт қарамай, адамдар көп шоғырланатын орындардан аулақ болуын, қоғамдық көліктерде, дүкендер мен қоғамдық тағамдану орындарында бетперде киіп жүруге шақырады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*