Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Әл-Фараби ауданы тұрғындарымен кездесіп, атқарылған жұмыстармен танысты. Аудан әкімі Рашид Мыңбаев ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішін баяндап, алдағы жоспарларын айтты. Кездесуге зиялы қауым өкілдері, қалалық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, құқық қорғау органдары мен басқарма басшылары қатысты.
Бүгінде 17 шағынаудан мен 1 елдімекенде 234 857 халық тұрады. Көпқабатты 926 үй бар. Ауданда ауыз су мен электр жарығы толық шешілген, ал табиғи газбен қамту көрсеткіші 99 пайызға жетіп отыр.
Жалпы тұрғындар тарапынан көтерілген 207 мәселенің көпшілігі инфрақұрылым, жол, қоғамдық көлік, коммуналдық және абаттандыру бағыттарын қамтыды.
Есептік кездесуде қала әкімі: «Халықпен тікелей байланыс орнату – Мемлекет басшысының басты саясаты. Бүгін осы мақсатта жүздесіп отырмыз. Мәселелеріңізді ашық айтыңыздар. Бәрін тыңдауға дайынмын. Сіздермен осылай тығыз қарым-қатынаста қордаланған мәселелерді кезең-кезеңімен шешеміз», – деді.
Қалада инженерлік инфрақұрылым жүйелерімен қамту жұмыстары 2025 жылы толық шешімін табады. Кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 75 пайызға жетпек. Тұрғындардың әр кездесуде көтеретін мәселесі – инфрақұрылым. Қазіргі таңда аудандарда Қоғамдық бақылау кеңестері құрылып, тұрақты жұмыс атқаруда. Бұл жұмыстар одан әрі жалғасатын болады.
Ауданның даму жоспарымен танысқан соң, шаһар басшысы тұрғындардың талап-тілегін тыңдауға көшті.
Қала әкімі тұрғындардың мәселесін мұқият тыңдап, бәрін де назарға алатынын жеткізді. Сондай-ақ аудан әкімі мен тиісті басқарма басшыларына халықтың өтініштері мен ұсыныстарын орындауда нақты тапсырмалар жүктеді.
Шымкентте спорт мектептері мен спорт секциялары жұмысын қайта бастайды. Спорт объектілері қызмет көрсетуге кіріспес бұрын мына талаптарды қатаң ескеруі керек: — кіретін жерде жұмыскерлердің дене температурасын бақылау; — температурасы жоғары және инфекциялық ауру белгілері бар […]
Әлемдік пандемияға байланысты елімізде жарияланған төтенше жағдай кезеңінде Шымкент қаласы әкімдігіне қарасты халықты жұмыспен қамту орталығы 2020 жылдың 26 наурызынан бастап қызметтерді онлайн көрсетіп келеді. Мәселен, ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап 17 679 отбасыға, […]
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай жасаған Үндеуін тыңдап, қатты толқыдым. Тоталитарлық режим ұйымдастырған қуғын-сүргіннің ең ауыр салдарының бірі — депортация болатын. Жауыз саяси жүйе КСРО аумағындағы аз халықтарға өте күшті […]
Пікір қалдыру