Шымкентте биыл 3 өрт сөндіру депосының құрылысын жүргізу жоспарланған. Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Түркістан көшесі бойындағы 4 автокөлікке арналған өрт сөндіру депосының құрылысымен танысты.
Жобаға сәйкес, нысан 3 блоктан тұрады. Соңғы үлгідегі жабдықталған ғимаратта қызметкерлер кабинеттерінен бөлек мәжіліс залы, қоймалар, асхана, демалыс бөлмесі, мұрағат, оқу сыныбы орналасқан. Қазіргі таңда, құрылыс-монтаждау жұмыстары 80 пайызға орындалған.
Қала әкімі жауаптыларға депо құрылысын тиісті талаптарға сай жүргізіп, ең алдымен сапаны бақылауды тапсырды.
Нысан жыл соңына дейін пайдалануға тапсырылады. Айта кетейік қыркүйек айында Әкімшілік іскерлік орталығындағы 4 автокөлікке арналған өрт сөндіру депосы қолданысқа берілді.
Айта кетейік, жыл сайын өрт сөндіру қызметі өрт сөндіру бөлімдерінің материалдық-техникалық базасы заманауи өрт сөндіру техникасымен толығуда. Бұл бағытта жергілікті атқарушы органдар тұрақты түрінде көмек көрсетіп келеді. Шымкент қаласының әкімдігімен тығыз ынтымақтастықтың арқасында Беларусь Республикасынан тағы 30-дан астам заманауи өрт сөндіру техникасын сатып алу жоспарланған.
Сондай-ақ №4 өрт сөндіру бөлімінің аумағында автокөліктерге арналған өрт сөндіру депосы салынып, бөлім аумағындағы жол жөнделді. Бұдан бөлек, арнайы техникалар тұратын автотұрақтарға күрделі жөндеу жүргізілді. Осылайша өрт сөндіру автокөлігінің жедел және кедергісіз өтуіне барлық жағдай жасалған.
Шымкент қаласында әлеуметтік төлемді алу үшін өтінім берген азаматтардың 274 976-сына өтініші қанағаттандырылды. Төтенше жағдай режимі кезеңінде ел билігі әрбір азаматты қамқорлықсыз қалдырып жатқан жоқ. 2020 жылғы 6 мамыр, сағат 9-дағы мәлімет бойынша Шымкент қаласы […]
Қоғамдағы қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті сақтау – ішкі істер органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Осы орайда Шымкент қаласында полиция департаментінің бастамасымен халықпен тығыз байланыс орнатуға бағытталған бірқатар түсіндіру жұмыстары қолға алынуда. Бұл шаралар […]
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков кезекті аралау барысында қаладағы бірқатар нысандарда болып, жұмыс барысын бақылады. Ең алдымен, “Шымкент Сити” шағынауданындағы жол құрылысын, А-2 автомобиль жолын қайта құру және Изенді көшесіндегі күрделі жөндеу жұмысын, сондай-ақ Жандосов көшесінің […]
Пікір қалдыру