Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков 1 қазан – халықаралық Қарттар күніне орай тыл ардагерлерінің шаңырақтарына барып, мерекелерімен құттықтады. Қазыналы қарияларға құрмет көрсеткен қала басшысы ақсақалдардың өсиетін тыңдап, ізгі тілегін жеткізді.
– Мемлекетіміздің жарқын болашағы үшін еселі еңбек етуді сіздерден үлгі-өнеге еттік. Халқының тілеуін тілеп, ақ батасын берген өздеріңіздей қадірлі қарияларымыздың жол көрсетуімен өсіп-өніп келеміз. Ұрпақтар сабақтастығымен алған тәлім-тәрбиемізді өзімізден кейінгі буынға жеткізсек, үміттеріңізді ақтағанымыз болар. Әрдайым ортамызда аман жүріңіздер! – деді қала әкімі.
Қала басшысы құрмет көрсеткен Ағабек Сүгірәлиев қарияның Шымкент қаласының дамуына қосқан үлесі орасан. Ал Жолдыбай Еңдібаев ақсақал – елімізге еңбегі сіңген құрылысшы.
Қазақта «Қариясы бар ел – қазынасы бар ел» деген тәмсіл бар. Қарияларымызды құрметтеп, ардақтау – біз үшін парыз. Ата жасына жетіп, ардагер атанып отырған құрметті ақсақалдарымыз бен ақ жаулықты аналарымыз қандай да құрметке лайық. Ардагерлер қауымы еліміздің қоғамдық-саяси өміріне белсене араласумен қатар, мемлекеттің қамқорлығын сезініп отыр. Еліміздің дамуына сүбелі үлес қосқан қарттарға құрмет көрсеткендеріңіз үшін алғысымды білдірді. Қазақ халқының жарқын белгісі қашанда үлкенге — құрмет, кішіге ізет көрсету.
Арнайы құттықтау барысында қарияларға естелік сыйлықтар тарту етілді. Осынау құрмет-қошеметке ризашылықтарын білдірген ақсақалдар ақ батасын берді.
Қазақстанның Тәжікстандағы мәдениет күндері аясында өткен салтанатты концерт екі елдің арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайтуға зор үлес қосып жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмонның қатысуымен өткен шарада «Кохи Борбад» сарайында Қазақстан мен Тәжікстанның өнерпаздары өз өнерлерін […]
Шымкент қаласында модульдік жұқпалы аурулар госпиталінің құрылысы аяқталды. Үшінші мегаполиске жұмыс сапарымен келген ҚР Денсаулық сақтау министрі Біртанов Елжан Амантайұлы жаңа медициналық орталықтың жұмысымен танысты. Бұл госпитальде дәрігерлер коронавирус инфекциясына күдіктелген барлық пациенттерді қабылдайтын болады. […]
Шымкент – республикалық маңызы бар қала ретінде Бас жоспарының тұжырымдамасы жасақталуда. Жобаның іске асырылуы екі бағытқа бөлініп, 2021-2022 жылды қамтиды. ҚР ҚЕ 1.02-110-2013 құрылыс нормасына сәйкес жасақталуы 19 айға қарастырылған. Қаланың Бас жоспарын әзірлейтін […]
Пікір қалдыру