Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қоғамдық кеңес отырысына қатысып, мегаполисті дамытуда өзекті мәселелер аясында пікір алмасты. Жиында жергілікті халықтың тұрмысын жақсарту, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау тұрғысында бірқатар ұсыныс талқыланды.
Жалпы, есептік кезеңде қоғамдық кеңестің отырыстарында 52 мәселе қаралып, 22 хаттама түзілді, мемлекеттік мекемелерге 212 хаттамалық ұсыным жолданды. Осыған дейін 91 нормативтік құқықтық акт жобалары қаралып, қорытынды берілді. Еліміздің Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне қоғамдық кеңестің жұмыстарын жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныс жолданды.
«Халықтың мұң-мұқтажы, өзекті мәселерімен етене танысып, оңтайлы шешім қарастыруда сіздермен тығыз байланыста жұмыс істеу өте маңызды. Себебі әрқайсысыңыз өз салаңызда халықтың көкейіндегі сұрақтарға қанықсыздар. Қала тұрғындарының өмір сапасын арттыру бағытында шешімдер қабылдауда өздеріңізбен пікір алмасып отырамыз», — деді қала әкімі.
Б.Момышұлының «Жұртым» деп — жұмылып, «Елім» деп — езіліп қызмет ет» дегеніндей алдағы уақытта да Шымкент қаласы қоғамдық кеңесі ел игілігі мен өркендеуі үшін қызмет ететіндігіне нық сеніммен атап өтті. Қала тұрғындарын қоғамдағы кез-келген келеңсіз жайлардың алдын алуға, болдырмауға бірлесіп жұмыс жасауға шақырды. Өз тараптарыңыздан ұсыныстарыңызды жолдасаңыздар, ашық диалог жасап, мәселелерді шешуге барынша күш саламыз деді, -қала басшысы.
Шымкентте «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында тазалық жұмыстары жалғасуда. Қазақстандағы экологиялық тазалықтың маңызды күндерінің бірі – Дүниежүзілік тазалық күні, ол жыл сайын қазан айының үшінші сенбісінде атап өтіледі. Биыл бұл шара республикалық деңгейде кеңінен ұйымдастырылып, […]
Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының Шымкент қаласында орналасқан 6506 әскери бөлімінің базасында өңірлік қолбасшылықтар қолбасшыларының тыл жөніндегі орынбасарлары, қаржы басқармаларының бастықтары, сондай-ақ 5573, 6654, 3656 және 6636 әскери бөлімдері командирлерінің тыл жөніндегі орынбасарлары мен қаржы […]
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы бүгін қаладағы білім ошақтарында жүріп жатқан жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Алдымен №49 «Жасұлан» балабақшасына барды. Іргетасы сонау 1982 жылы қаланған нысанға күні бүгінге дейін күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Биыл ғимаратты […]
Пікір қалдыру