Бүгін қала әкімінің бастамасымен «Таза қала — өзіңнен басталады» атты акциясы аясында сенбілік өтті. Акцияның алғашқы сенбілігінде қала бойынша 50 мыңға жуық тұрғын атсалысып, 81 елдімекенде тазалық шаралары ұйымдастырылды.
Бұл сенбіліктің басты мақсатының бірі — табиғатты аялай отырып, шырайлы Шымқаламыздың тазалығы мен көркі үшін жанашырлық таныту болатын. Сонымен қатар, өскелең ұрпақтың бойындағы экологиялық сауаттылықтарын арттырып, оны келешек ұрпаққа табыстау көзделген еді.
Бадам өзенінің жағалауын тазалауға қала әкімі мен құрылымдық басқармалары және аумақтық органдардың қызметшілері үлес қосты.
Қаланы қоқыстан тазартуға шаһардың ластануына бей-жай қарамайтын түрлі жастағы адамдар атсалысты. Экобелсенділер, студенттер және өзге де тұрғындармен бірге зейнеткерлер де сенбілікке шықты.
Сондай-ақ тұрғындар, көшелер мен үйлердің басқарушылары, мемлекеттік органдар мен кәсіпорындардың қызметшілері белгіленген аумақтарды қоқыстан тазартты. Сенбілікте депутаттар, кәсіподақ, қоғамдық кеңес мүшелері мен кәсіпкерлер және ерікті жастар да белсенділік танытты.
Келесі жалпысенбілікте Әл Фараби ауданы аумағына басымдық беріледі. Қала әкімінің тапсырмасы бойынша шеткі аумақтардағы қоқыс үйінділерінде тазалық шаралары күшейтіледі.
Ал қараша айында тал егу жұмыстары басталады. Қаланың орталықтары, Тұран елдімекені және аэропорт аумағына жапырақты, қылқан жапырақты түрлі декоративі ағаштар отырғызылады.
Бұл акция қазан-қараша айларында тұрақты түрде жалғасады.
Айта кетейік, Шымкентте тұрмыстық қалдықтарды уақытылы шығару және көпқабатты үйлердің аулалары мен қоғамдық орындардың тазалығы үнемі күн тәртібінен түскен емес.
Сенбілік кезінде ұйымдастырушылар барлық қатысушылардан санитарлық шараларды қатаң сақтауға бар күш жігерін салды.
Еңбек етіп, нәпақасын табамын деген жанға шектеу жоқ. Тек ізденіп, ықылас танытса болғаны. Кәсіпкерлік саласын дамыту мемлекеттің алдындағы басты міндеттердің бірі. Кәсіпкерліктің дамуында кәсіптік білім алу маңызды. Қалада «Еңбек мобильділігі» орталығының ұйытқы болуымен 35 жұмыс […]
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне көмек көрсету туралы тапсырма берген болатын. Осыған орай, бүгінгі күні Шымкент қаласында 1290 медицицина қызметкеріне үстемақы төленді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр […]
Еліміздің үшінші мегаполисі Шымкент қаласында еріктілер тазалық акциясын өткізді. Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығы волонтерлары «Жасыл белдеу» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен бірлесіп қаладағы «Комсомол» көлі аумағында орналасқан 752 га мемлекеттік орман қоры аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді. […]
Пікір қалдыру