Нұрсат шағын ауданында орналасқан жекеменшік мектепке көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың есімі берілді-деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.
Заманауи және типтік үлгідегі 3 500 орынға лайықталған білім нысанының құрылысы былтыр наурыз айында басталған болатын.
Кәсіпкердің есебінен салынған жаңа мектепте балалар бір ауысымда білім алады. Бос уақытта балалардың пәндік, спорттық және өнер үйірмелеріне қатысуына барлық жағдай жасалған. Білім шаңырағында спорт зал, 30 интерактивті тақта, робототехника, биология, химия, физика лаборатория кабинеттері, сондай-ақ 500 орындыққа арналған асхана, кітапхана, гимнастика, акт залдары, ашық және жабық футбол алаңдары бар.
Аталған білім ошағында 1-6 сынып оқушылары тегін тамақпен қамтылған. Құрылтайшы тарапынан әр тоқсан сайын тест тапсырған үздік оқушыларға стипендия қарастырылған.
Шымкентте қала әкімдігінің қолдауымен жергілікті және Түркістан облысы Төлеби мен Отырар аудандарының тауарөндірушілерінің бірлескен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге 60-тан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысып, жалпы құны 113 миллион теңгені құрайтын 78 тонна […]
Шымкент қаласында бүгін қырыққабат тегін таратылды. Қалаға қырыққабат әкелген Мырзашөл өңірінің диқандары қала тұрғындарына бір күнде 63 тонна қырыққабатты тегін үлестірді. Қасиетті Рамазан айында қала әкімінің бастамасымен әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған азаматтарға шағын тарту жасаған диқандар: […]
Бұл туралы «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының төрағасы Рашид Аюпов Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. «Достар, көбіңіз Шымкентке 300 жаңа автобус келе жатқанынан хабардарсыздар. Бірінші партия мамыр айында келеді деп күтілуде. Қазір оларды қабылдау және маршруттарды құру […]
Пікір қалдыру