ШЫМКЕНТ: «Тұран» мен «Асар» шағын аудандарына жаңа автобустар жүрмек

Бұл туралы «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының төрағасы Рашид Аюпов Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

«Достар, көбіңіз Шымкентке 300 жаңа автобус келе жатқанынан хабардарсыздар. Бірінші партия мамыр айында келеді деп күтілуде. Қазір оларды қабылдау және маршруттарды құру бойынша белсенді дайындық жүріп жатыр. Біз 14-ші және 44-ші маршруттардың – қаладағы жүктемесі ең көп маршруттар екенін анықтадық. Жаңа автобустардың осы маршруттарға қызмет көрсетуін талқылаудамыз. Сондай-ақ, орталықтан алыс орналасқан Тұран, Асар, Колос шағынаудандарын автобустармен қамтамасыз ету жоспарда бар», – деп жазды Р. Аюпов.

Айта кетсек, қаладағы қоғамдық көліктерді жаңарту мақсатында, биыл «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы шаһарға 1 мың автобус алу жоспарлануда. 2019 жылдың 1 шілдесіне дейін 300 автобус келеді. Қалған 700 автобус жылдың соңына таман жеткізіледі.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*