ЖАЙЛЫ МЕКТЕП: ШЫМКЕНТТЕ 6 МЕКТЕПТІҢ ЖЕРІ ӘЛІ КҮНГЕ РӘСІМДЕЛІП БІТПЕГЕН

Бұл жөнінде қалалық құрылыс басқармасының 2023 жылы атқарған жұмыстары бойынша өткен баспасөз брифингінде Олжас Тәжібаев мәлімдеді.

Басқарма басшысының айтуынша, 2023-2025 жылдар аралығында қаламызда 18 жайлы мектеп салынуы қажет. Соның ішінде 12 мектептің құрылысы өткен жылы басталған. Бүгінде білім ошақтарының құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр екен. Қалған 6 мектеп 2025-жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде.

«6 жер телімі келер жылға өтпелі болғаннан кейін, 2023-жылдың 2-жарты жылдығында анықталып берілген болатын. Бүгінгі таңға дейін біраз мәселелер туындаған. Жер телімдерінің жетіспеуіне байланысты, оларды мемлекет мұқтаждығына қайтару бойынша мәселелер болды. Бүгінгі таңда ол мәселелердің көбісі шешіліп, анықталған жер телімін мектеп салуға беру жұмыстары жүріп жатыр», дейді Шымкент қалалық құрылыс басқармасынң басшысы Олжас Пердебайұлы.

Сондай-ақ, былтыр басқарма тарапынан 121 жоба қарастырылып, 162 нысанның құрылысы жүргізілген. Оның 52-тапсырлса, қалған 109-ы 2024 жылы қолданысқа беріледі. Нақтырақ айтқнда, Бозарық, Ақжайық, Тұран шағынаудандарында кпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы жүріп жатыр. Сол тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында 18 жүйенің құрылысы жүріп, 8-і қолданысқа берілді.

Мұнан бөлек  білім нысанның ігетасы қаланып, 5-і пайдалануға берілген. Қалған екеуінің құрылысы жүруде екен. 2023-жылы 1 мәдениет ошағы мен 3 спорт ғимараты пайдалануға берілген. Ал құны Шымкентсити шағын ауданындағы саябақ құрылысы 3 кезеңнен тұрады. Бүгінде 1-кезеңі аяқталған.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*