Бүгін аудан әкімі Арман Қарсыбаев Түркия елінің «Vero Group» компаниясының негізін қалаушы Осман Бозкурт бастаған бір топ инвесторлар делегациясын қабылдады. Инвесторлардың жоспары бойынша Шардара қаласында Тамшылатып суару қондырғыларын мен құрал-жабдықтарын және құбырларын шығаратын зауыт ашуға ниетті. Кездесуде аудан әкімі жобаны іске асыру мақсатында мемлекет тарапынан бірқатар жеңілдіктер мен преференциялар, мүмкіндіктер барын талқылады. Түрік инвесторлары Шардара ауданының мүмкіндігіне қызығушылық білдіріп, жобаны алдағы уақытта іске асыруға ниетті екендігін жеткізді. Тараптар аталмыш бағыт бойынша тиісті жұмыстар жүргізуге келісті.
Ұқсас жаңалықтар
ШАРДАРАНЫҢ ШЫРАЙЫ АРТЫП КЕЛЕДІ
Қандай да бір аймаққа ат басын бұрып, сол елді мекеннің аумағынан аттаған адамның көзі ең алдымен өңірдің атауына түседі. Ол атау тасқа қашалып жазыла ма, мейлі арканың үстінде тұра ма, адамның санасында жатталып қалады. Ары […]
ШАРДАРА АУДАНЫНДА «КРАХМАЛ-СІРНЕ ЗАУЫТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ» ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫП ЖАТЫР
Түркістан облысы, Шардара ауданында орналасқан индустриалды аймақта «Казкрахмал» ЖШС-нің ұйымдастыруымен жүгеріні терең өңдеу кешені жобасы жүзеге асуда. Жоба 2 кезеңнен тұрады. 1 кезеңді жүзеге асыру 2023-2024 жылдарға жоспарланған. Оған жүгеріні қабылдау, кептіру және сақтау кешендері […]
АҚШ-тық инвесторлар Арыста мал шаруашылығын қолға алуға ниетті
Сахараны гүлдендіріп, түрлендірген АҚШ инвесторларының Арысқа назары ауды. Олар Арыста жаңбырлатып суару әдісімен өнім егіп, мал шаруашылығы саласын дамытпақ. Мысыр елінде еңбек еткен инсвесторлар енді жаңа жобаны Түркістан облысында жүзеге асырады. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев аталған […]
Пікір қалдыру