Әлеуметтік желіде мешітте болған оқиға таралуда. Осыған байланысты ҚМДБ төмендегіні мәлімдейді:
Оқиға 2024 жылдың 12 мамырында кешкі ақшам намазы уақытында Шымкент қаласындағы мешіттердің бірінде болған. Өзге өңірден Шымкент қаласына келген біртоп азамат мешіт имамының ескертуіне қарамастан бірнеше рет жамағат намазын бұзған. Өзге мәзһабта намаз оқыған олар жамағат пен имамның өтінішіне құлақ аспай, мешіт ережесін өрескел бұзған. Намаз кезінде әмин» дұғасын қатты дауыспен айтқан жандардың әрекетіне төзбеген мешітке тұрақты келуші бір азамат олардың біріне қол жұмсаған. Нәтижесінде имам жамағат намазын тоқтатуға мәжбүр болған. Оқыс оқиға дер кезінде тоқтатылып, полиция қызметкерлері тиісті жұмыс жүргізуде.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешітке келуші жамағатты мешіт ережесіне бағынуға, сонымен қатар құлшылық үйінде сабыр сақтап, көркем мінез танытуға шақырады.
Еске сала кетсек, ҚМДБ бекіткен «Мешіт ережесі» бойынша Қазақстан мұсылмандарының ауызбіршілігі мен біртұтастығын қамтамасыз ету үшін намаз бен діни рәсімдер Әбу Ханифа мәзһабы бойынша орындалады.
Бүгін еліміздің үшінші мегаполисі – Шымкент қаласындағы «Достық үйінде» «Ұлттық киім – ұрпаққа мұра» фестивалі өтті. Жергілікті қолөнер шеберлері мен дизайнерлер дайындаған ұлттық киімдер мен зергерлік бұйымдардың көрмесі мен этно стильдік және заманауи сәндік киім […]
Шымкент қаласында жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Биыл жол саласын дамыту мақсатында 256 нысанның жөндеу-құрылыс жұмыстарына бюджеттен жалпы 26,9 млрд теңге қаралған. Республикалық бюджеттен – 4,8 млрд, ал жергілікті бюджеттен – 9,8 млрд теңге бөлініпті. […]
Шымкенттегі сауда орындары бас санитар бекіткен қаулыға сәйкес барлық талаптарды сақтай отырып жұмыс істеуі керек. Ал талаптардың орындалу барысын жергілікті әкімдіктерден құрылған мониторинг топтар қадағалап отырады. Абай ауданынынан құрылған топ бірнеше сауда үйіне тексеру жүргізіп, […]
Пікір қалдыру