ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ЖАЛҒАН АҚПАРАТҚА ҚАТЫСТЫ МӘЛІМДЕМЕ ЖАСАДЫ

Естеріңізде болса, Арайлым Тоқбергенова есімді қыз, өзінің «фэйсбук» әлеуметтік желісіндегі парақшасында Ордабасы ауданының әкімін айыптап пост жазған болатын. Аудан әкімдігінің ресми өкілі Дәурен Болыс, бұл ақпаратты жоққа шығарды. Тіпті ондай адамның өмірде жоқ екенін, «фэйк» парақша болғанын жеткізді.

 

Бұдан соң бұл мәселеге байланысты Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев, өзінің «фэйсбук» парақшасы арқылы мәлімдеме жасады. Аудан басшысы жалған ақпаратты таратқандардың үстінен құзырлы органдарға арыз түсіргенін және сол арыздың негізінде қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша тексеру жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады. Азат Оралбаев мәлімдемесінің толық мәтінін назарларыңызға ұсынаыз.

Құрметті «Facebook» әлеуметтік желі қолданушылар мен достар!

«Facebook» әлеуметтік желісінде «Ордабасы Ауданы Әкімдігі» атты аудан әкімдігінің атынан және Арайлым Тоқбергенова атты азаматшаның атынан жалған парақшалар ашылып менің ар намысыма тиетін бірнеше мақалалар жарияланған.

Шындыққа жанаспайтын жалған мәліметтерді анықтау мақсатында жергілікті құқық қорғау органдарына арыз түсіріліп, қылмыстық іс тіркеліп, қазіргі таңда тексеру жұмыстары жүргізілу нәтижесінде Арайлым Тоқбергенова есімді азаматша еліміз бойынша анықталмады.

 

Дегенмен «Facebook» әлеуметтік желісінде жалған парақша ашып, әлеуметтік желіге жалған ақпарат таратқан тұлғаға көрінеу жалған ақпарат тарату жала жабу қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Ордабасы ауданы әкімдігінің жалған емес ресми парақшасы 2013 жылдың қазан айынан «Ордабасы ауданы әкімдігі» (4,6 мың оқырман) атымен тіркеліп жұмыс жасаса, ал жалған «Ордабасы Ауданы Әкімдігі» парақшасы 11 оқырманымен осы жылдың 18 мамырында ашылған.

Құрметті әлеуметтік желі қолданушылар! Жалған парақшалар ашып менің жеке басым туралы жалған ақпараттарға, жазылған посттарға сенбеуге шақырамын.

Алдағы уақытта тергеп тексеру нәтижесінің қорытындысын сіздермен бөлісіп, ресми хабарлама берілетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, заң бойынша азаматтың ар-намысына тиетін сөз жазып, жалған, көпе-көрнеу ақпарат таратқан адамға қылмыстық кодекстің 174-бабы бойынша жауапкершілік қарастырылған,

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*