ҚР Үкіметінің 208 қаулысымен «2021-2030 жылдарға арналған балық шаруашылығын дамыту бағдарламасы» бекітіліп, облыста 2030 жылға дейін тауарлы балық көлемін 20 мың тоннаға жеткізу жоспарланған.Осыған сәйкес, «Ауыл-ел аманаты» бағдарламасы аясында 2023 жылы ауданымызда «Әлібай» Шаруа қожалығы несие қаржы алып, жасанды көл қазып балық шаруашылығын қолға алуда.
Тарқатып айтсақ, «Ауыл аманаты» жобасы аясында ІV бағыт «Балық шаруашылығын дамыту» бойынша жеңілдетілген несие қаржы алуға 14 жоба қызығушылық танытып, «Ырыс» МҚҰ-ның несие комитетінен жалпы құны: 71,950 млн теңгені құрайтын 10 жоба (3-еуі Көксу ауыл округінен) мақұлданып қаржыландырылды. Оның ішінде 8-і тоғанда балық өсіру, 2-еуі көлдер мен көлге торлы шарбақ орнату бойынша.
Ауданда балық шаруашылығын дамыту мақсатында Шардара су қоймасында балық қорын көбейту бойынша 4 учаске (№1 учаске «Нуралы» ЖШС, №2 учаске «VITA» ЖШС, №3 учаске «Шардара-балық» ЖШС, №4 учаске ЖК «Серманизов және К») балық аулау лимиттеріне сәйкес, тиісті жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ ауданда қазіргі таңға балық өнімдерін өндіретін 5 зауыт («Хамит» АӨК, «Шардара балық-1», «Саодат» ЖШС,«Байтерек ББМ» ЖШС, ЖК «Жалғасбаев») жұмыс жасауда. Оларда 2023 жылдың есепті мерзімінде 4925,0 тонна балық өнімдері өндіріліп, алыс және жақын шет мемлекеттерге экспортқа шығарылуда.
Ауданда 2024 жылдың 01 қаңтардағы жағдай бойынша тауарлы балық өсірумен айналысатын шаруашылықтар саны-41 бірлік, оның ішінде 10 шаруашылық жаңадан ашылып, «Ауыл аманаты» жобасы аясында ІV-ші бағытқа сәйкес іске асырылуда.
Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаевтың «әр ауыл округте шағын кәсіпорын немесе цех ашу қажет»- деген тапсырмасына сәйкес, Шардара ауданына қарасты Көксу ауылының тұрғыны жеке кәсіпкер Әлтай Заур «Ауыл Аманаты» жобасымен несиелендіріліп, өз кәсібін дөңгелетуде. Қазіргі […]
Шардара ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен, Көксу ауылының тұрғындары мен кәсіпкер Дархан Жамбаевтың демеушілігімен заманауи жабық футбол алаңы мен жапсарлас балалар алаңшасы ашылды. Салтанатты ашылу шарасына аудан әкімі Арман Қарсыбаев арнайы қатысып, қуанышты бөлісті. «Құрметті, Көксу ауылының […]
Түркістан өңірінде тұрғындарды баспанамен қамту бағытында жұмыс жүруде. Шардар ауданында да іс атқарылып жатыр. Бүгін аудан әкімі Арман Қарсыбаев Шардара қаласында салынып жатқан 120 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысымен танысты. Бұл тұрғын […]
Пікір қалдыру