Бүгін, балаларды қорғау күні мерекесі мен «Бақытты балалық үшін» республикалық акциясына орай Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова қалық орталық ауруханаға барды, деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Қала басшысы балалар бөлімінде ем қабылдап жатқан бүлдіршіндердің хәл-жағдайын сұрап, мерекемен құттықтады. Олардың тезірек сауығып кетуін тілеп, бүлдіршіндерге ойыншықтар үлестіріп, сый-сияпат жасады.
Шаһар басшысы аурухана ұжымымен әңгімелесіп, денсаулық сақтау қызметкеріне үлкен жауапкершілік жүктелетінін атап өтті. Сондықтан оларға еңбектері үшін алғыс білдірді.
Айта кетейік, қалалық Орталық аурухананың балалар бөлімі бүлдіршіндерге мамандандырылған көмектің барлық түрін көрсетеді. Материалдық-техникалық базамен қамтылған. Аурухана 31 төсек орынға лайықталған. Сондай-ақ, бұл жерде жылына 1500-1800 бала ем алып шығады.
Сахараны гүлдендіріп, түрлендірген АҚШ инвесторларының Арысқа назары ауды. Олар Арыста жаңбырлатып суару әдісімен өнім егіп, мал шаруашылығы саласын дамытпақ. Мысыр елінде еңбек еткен инсвесторлар енді жаңа жобаны Түркістан облысында жүзеге асырады. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев аталған […]
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс кестесіне сәйкес Арыс қаласы тұрғындарымен кездесті. Атқарылған жұмыстарды баяндап, өзекті мәселелерді қозғады. Мемлекет басшысының инвестиция тарту, агроөнеркәсіп кешенін дамыту, су үнемдеу технологиясын енгізу жөнінде тапсырма бергеніне тоқталған облыс әкімі […]
Түркістан облысы, Арыс қаласы орталығында орналасқан Әбдіразақов көшесінің №49 көпқабатты үй тұрғындары «Таза Қазақстан» акциясын қолдап, өз аулаларына, кіреберістеріне абаттандыру жұмыстарын жүргізген. Тұрғындар бірлесіп үйдің кіреберістерін, есіктерін әсемдеп, сырлап, қабырғаларды әктеп, ауланы жасыл желекке толтырып, […]
Пікір қалдыру