Елімізде баспана мәселесі көптің уайымына айналғагны рас. Десек те, жаңа қанатын жайған жас қала бұл бағытта артта емес. Түркістан қаласы халықты баспанамен қамту бағытында елімізде алдыңғы қатарда. Облыс орталығында соңғы 5 жылда тұрғын үй кезегінде тұрған 2558 азамат баспаналы болды. Жаңа шағынаудандар пайда болып, тозығы жеткен тұрғын үйлер ретке келтірілді.
«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында жыл соңына дейін жалпы аумағы 185 мың м2 құрайтын 55 тұрғын үйдің құрылысын аяқтау жоспарлануда. Нәтижесінде 3140 отбасы баспаналы болады. 5 жылда құрылыс көлемі 2,5 есеге өсіп, 351 млрд. теңгені құрады.
Пайдалануға берілген тұрғын үй алаңы 2 есеге көбейіп, 864 мың шаршы метрге жетті. 5 жылда Түркістан облысында 4500-ге жуық отбасы коммуналдық баспанамен қамтылды. «7-20-25» бағдарламасы және «Отбасы банк» арқылы 5000-нан астам отбасы әлеуметтік кредиттік үй сатып алды.
Жалға алған баспана ақысын субсидиялау бағдарламасымен (50%) 2000-нан астам отбасы қамтылды. 221 көппәтерлі үйге күрделі жөндеу жүргізілді.
Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығында 5,7,9,12 жəне 20 қабатты 60 тұрғын үй салу (5 қабатты тұрғын үйлер) жоспарланған. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарын «ЕвроРемонтСервис» ЖШС, «Жаңа арна құрылыс» ЖШС, «Sy
Облыс орталығына айналған Түркістанда 5 жыл ішінде заманауи нысандар бой көтеріп, Түркістанмен бірге дамыту көзделген.
Түркістан облысы Жетісай ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында, Тұңғыш Президентіміз Елбасы — Нұрсұлтан Назарбаевтың сыныптасы жерлесіміз, ауданның құрметті азаматы Роза Төлемісова аудан жұртшылығымен кездесті. Кездесу кешке аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Тойым […]
Түркістан облысы әкімі Дархан Амангелдіұлы Сайрам ауданына сапары барысына «Оңтүстік Қазақстан Индустриалды-инновциялық колледжінде» болды. Оқу ордасы машина жасау, бөлшектерін дайындау сондай-ақ жалпы өндіріс саласының мамандарын даярлайды. Ақсукент ауылында орналасқан колледжінде болған облыс әкімі Дархан Сатыбалды […]
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен Созақ ауданында төрт түліктің төресі — түйені көбейту қолға алынды. Облыс басшысы ойсыл қара тұқымын көбейту арқылы өзге өңірлермен бәсекелес болуға қауқарлы ауданға осы кәсіпті мықтап қолға алуды […]
Пікір қалдыру