Бүгін, балаларды қорғау күні мерекесі мен «Бақытты балалық үшін» республикалық акциясына орай Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова қалық орталық ауруханаға барды, деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Қала басшысы балалар бөлімінде ем қабылдап жатқан бүлдіршіндердің хәл-жағдайын сұрап, мерекемен құттықтады. Олардың тезірек сауығып кетуін тілеп, бүлдіршіндерге ойыншықтар үлестіріп, сый-сияпат жасады.
Шаһар басшысы аурухана ұжымымен әңгімелесіп, денсаулық сақтау қызметкеріне үлкен жауапкершілік жүктелетінін атап өтті. Сондықтан оларға еңбектері үшін алғыс білдірді.
Айта кетейік, қалалық Орталық аурухананың балалар бөлімі бүлдіршіндерге мамандандырылған көмектің барлық түрін көрсетеді. Материалдық-техникалық базамен қамтылған. Аурухана 31 төсек орынға лайықталған. Сондай-ақ, бұл жерде жылына 1500-1800 бала ем алып шығады.
Арыстық 10 мың тұрғын газбен қамтылатын болды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Арыс қаласындағы 6 шағын аудан халқы бүгін газбен қамтылды. 2020 жылдан бері тоқтап тұрған нысанның мәселесін шешу үшін облыс әкімі […]
Қаланың кіреберіс қақпасы — Арыс шаһарының тағы бір сәулетті туындысына айналды. Жаңа нысанның құрылыс жұмыстарын мойнына алып, қаржыландырған — Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы. Ашылу салтанатына ҚР Кәсіподақтар федерациясың төрағасы Ералы Тоғжанов пен Түркістан облысының әкімі […]
Бүгін қаламызда «World clean up day» — «Дүниежүзілік тазалық күнінде» «Киелі табиғат» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік іс-шарасы өтті. Сайрам тұрғын алабындағы тарихи орындарға арнайы ұйымдастырылған тазалық акциясына қала жастары қолдау көрсетіп, белсенділік танытты. Дәстүрлі […]
Пікір қалдыру