1-маусым Халықаралық Балаларды қорғау күніне орай, Шардара қаласынан шомылуға арналған аквасаябақ ашылды.
Демалыс орнының салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімі Арман Қарсыбаев арнайы қатысып, жиылған көпшілікті құттықтап, балақайларға мерекелік ыстық лебізін жеткізді.
«Ауданымызға осындай демалыс орнын салып, тұрғындарды жұмыспен қамтып жатқан азаматтарға өз алғысымды айтамын. Мұндай нысандар салу ауданға инвестиция әкеле отырып, туризмнің де дамуына оң ықпал етеді. Ресми ашылуы балалар күнімен тура келіп отыр. Жаздың аптап ыстығында қаламыздың тұрғындары, әсіресе балалар шомылып, уақыттарын көңілді өткізулеріне зор мүмкіндік. Әрқашан кәсіпкерлерді қолдап, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында жұмыс істейтін боламз»— деді аудан әкімі.
Сондай-ақ, Арман Романұлы нысанды аралап танысып, кәсіпкерге Алғыс хат тапсырып, жұмысына табыс тіледі. Мереке қарсаңында ашылған аквасаябаққа келген балаларға балмұздақтар таратылып, шомылып, көңіл көтерді.
Айта кету қажет, демалыс орнының жалпы құны 120 млн теңгені құрайды. Нысан жеке инвестор есебінен бой көтерген. Бүгінде мұнда бір мезетте 200 адам демала алады. Ал маусымында 20 адамға дейін жұмыспен қамтылып отырады екен.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығын іске асыру аясында Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаев 2025 жылдың алғашқы тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы халық алдында есеп беріп, бірқатар ауылдық округтерде тұрғындармен кездесу өткізді. Аудан […]
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығын іске асыру аясында 2025 жылдың алғашқы тоқсанында Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаев халықпен бірқатар кездесулер өткізді. Аудан басшысының жұмыс сапары Достық ауылдық округінен басталып, Ақшеңгелді, Сүткент, […]
Еліміздің табиғи ресурстарын тиімді әрі заңды пайдалану – тұрақты даму мен ұрпақ болашағына жасалған маңызды инвестиция. Осы орайда, Шардара ауданында заңсыз жер қойнауын пайдаланудың алдын алу және табиғи байлықты қорғау мақсатында бірқатар нақты іс-шаралар қолға […]
Пікір қалдыру