Күні кеше Түркістан қаласында жыл басынан бері бюджеттің 6 миллиард теңгесі игерілмей қалғанын жазған болатынбыз. Бұл жайлы руһани астана тұрғындарымен кездесуде облыс әкімі Дархан Сатыбалды айтқан еді.
Алайда, өңір басшысы нақты қай салаға қаралған қаражаттың игерілмегені жөнінде нақтылған жоқ. Осыған орай, Түркістан қаласы әкімдігіне хабарласқан болатынбыз. Сауалымызға көп күттірмей жауап берді.
«Республикалық бюджеттен 2024-жылға қарастырылған қаржылар игерілмеді. Себебі, жыл басынан бері республикалық бюджеттен әлі бізге трансферттер түскен жоқ. Бірақ, барлық ақшалар жоспарда бар»,— деп жауап қатты қала әкімдігіндегілер.
Пікір қалдыру