Жаңа заманауи қонақ үйлердің пайда болуы қалаларды тартымды етіп, туризмнің дамуына айрықша серпін береді.
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков әйгілі «Hilton» халықаралық желісінің қонақ үйінің құрылысы аумағында капсула салу рәсіміне қатысты. Шымкен сити шағынауданында бой көтерген бес жұлдызды қонақ үйді 2026 жылы ашу жоспарлануда.
Мегаполис басшысы қонақ үй кешенінің жобасымен танысып, оның құрылысын бастауды тапсырды.
«Мұндай нысандар туристік әлеуетті дамытуда ғана емес, қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыруда да маңызды. «Hilton» — әлемге әйгілі бренд. Болашақта қонақ үй қаламызды толықтырып, туристер мен барлық қонақтар үшін тартымды етеді», — деді Г.Сыздықбеков.
Қонақ үйде 167 бөлме, ballroom, мейрамханалар, фитнес-орталық және бірнеше конференц-зал бар. Құрылыстың арқасында 200-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады.
Сонымен қатар, қала әкімі ұлттық стильде салынған «Qazaq Hotel» қонақ үйіне барды. Жобаны іске асыру нәтижесінде 30 жұмыс орны құрылды. Жаңа қонақ үйде 64 заманауи және жайлы бөлмелер бар. Қонақтардың жайлылығы үшін қосымша қызметтер – мейрамхана, SPA-салон, конференц-зал және автотұрақ қарастырылған.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков 1 қазан — халықаралық Қарттар күніне орай ардагерлерді мерекелерімен құттықтады. «Қарттарым — асыл қазынам» атты мерекелік іс-шарада қала басшысы ыстық ықыласын жеткізді. — Сіздерді халықаралық қарттар күні мейірім мен […]
В районе Еңбекші города Шымкента был проведен очередной городской субботник, направленный на сохранение чистоты и озеленение города. В этом мероприятии активно участвовали местные жители, которые с большой заинтересованностью присоединились к работам по благоустройству и поддержанию […]
Патрульный полк полиции города Шымкента сообщил о проведении рейдовых мероприятий на территории Абая, в районе Бадамской трассы. Цель акции — повышение уровня безопасности дорожного движения и выявление грубых нарушений правил с использованием современных технологий. Для […]
Пікір қалдыру