Жаңа заманауи қонақ үйлердің пайда болуы қалаларды тартымды етіп, туризмнің дамуына айрықша серпін береді.
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков әйгілі «Hilton» халықаралық желісінің қонақ үйінің құрылысы аумағында капсула салу рәсіміне қатысты. Шымкен сити шағынауданында бой көтерген бес жұлдызды қонақ үйді 2026 жылы ашу жоспарлануда.
Мегаполис басшысы қонақ үй кешенінің жобасымен танысып, оның құрылысын бастауды тапсырды.
«Мұндай нысандар туристік әлеуетті дамытуда ғана емес, қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыруда да маңызды. «Hilton» — әлемге әйгілі бренд. Болашақта қонақ үй қаламызды толықтырып, туристер мен барлық қонақтар үшін тартымды етеді», — деді Г.Сыздықбеков.
Қонақ үйде 167 бөлме, ballroom, мейрамханалар, фитнес-орталық және бірнеше конференц-зал бар. Құрылыстың арқасында 200-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады.
Сонымен қатар, қала әкімі ұлттық стильде салынған «Qazaq Hotel» қонақ үйіне барды. Жобаны іске асыру нәтижесінде 30 жұмыс орны құрылды. Жаңа қонақ үйде 64 заманауи және жайлы бөлмелер бар. Қонақтардың жайлылығы үшін қосымша қызметтер – мейрамхана, SPA-салон, конференц-зал және автотұрақ қарастырылған.
В Шымкенте продолжается профилактическая акция «Безопасная дорога». В её рамках сотрудники патрульной полиции останавливают водителей, отправляющихся в дальние поездки, и проводят разъяснительную работу о важности строгого соблюдения правил дорожного движения, правильной организации отдыха и обеспечении […]
БМК каналынан секундына 250 литр көлеміндегі су алынып, ол Шымкент каналы арқылы Жаңа шек каналына (ұзындығы 11,8 км) бағытталды. Нәтижесінде қаланың Аймауытов, Ақпан батыр, Қазыбек би, Дулати, Толстой, Иляева (50 метрлік лоток), Адырбеков, Тәуке хан, […]
Шымкент қаласында Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Егеменді ел – жарқын болашақ» атты маңызды кездесу өтті. Іс-шара жастардың құқықтық санасын көтеруге, оларды заманауи қауіп-қатерлерден қорғауға және азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға арналды. Жиынға бірнеше сала мамандары […]
Пікір қалдыру