Түркістан өңірінде тұрғындарды баспанамен қамту бағытында жұмыс жүруде. Шардар ауданында да іс атқарылып жатыр.
Бүгін аудан әкімі Арман Қарсыбаев Шардара қаласында салынып жатқан 120 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысымен танысты. Бұл тұрғын үйлер халықтың әлеуметтік осал топтары және аз қамтылған көпбалалы отбасылары үшін салынуда. Арман Романұлы тұрғын үйлердің құрылысын аралап, мамандарға сапасы мен жұмыс қарқынын қадағалауды тапсырды.
Тұрғын үй құрылысын биыл қазан айында аяқтау жоспарланған.
Сондай-ақ аудан басшысы Шардара қаласы, Шардара-Жетісай бағытына кіші сәулеттік абаттандыру құрылысымен танысты. Ондағы сәулеттік жобаларды қарап, идеяларды талқылады.
«Тұрғын үй кезегінде жылдап тұрғандарды баспанамен қамту үшін барынша әрекет жасауымыз қажет. Білемін, мыңдаған тұрғын үй салуға бюджет қаражаты жетпейді, бірақ жылда аз-аздан сала берсек үй кезегінде тұрған жандарды баспанамен қамтып, қуаныш сыйлаймыз. Сол үшін қарқынды жұмыс істеуіміз керек. Сонымен қатар ауданға кіреберіс жерді және қала іштерін абаттандырып, келушілер мен аудан тұрғындарының көрікті мекенде жүруіне жағдай жасау басты міндеттеріміздің бірі екенін есте ұстайық», деді аудан әкімі.
2025 жылы Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы басты бағыттардың бірі – тұрғын үй құрылысы саласы болып отыр. Облыстағы халық санының артуы, урбанизация процесінің жеделдеуі және инфрақұрылымдық қажеттіліктер тұрғын үйге деген сұранысты арттырды. Осыған орай, биыл өңірде […]
Түркістанда туризм саласын дамытуда жан-жақты жобалар жүзеге асып, жаңа нысандар мен баспаналар бой көтеруде. Өңірдің сәулетшілері әрбір ғимараттың жобасына ерекше мән береді. Оның сәулеті, идеологиялық мәні талқыланып, құрылыс материалдары да қатаң сараптаудан өтеді. Жаңа жобалардың […]
Түркістан облысы Кентау қаласында 100 ден астам тұрғын үй жөндеуден өтіп жатыр. ҚР «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының» тұрғын үй қорын жаңғырту саласы бойынша 2019 жылы Кентау қаласында 44 көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден […]
Пікір қалдыру