Түркістан облысы Кентау қаласында 100 ден астам тұрғын үй жөндеуден өтіп жатыр. ҚР «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының» тұрғын үй қорын жаңғырту саласы бойынша 2019 жылы Кентау қаласында 44 көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өткен. Аталған үйлердің шатырлары мен жертөлелері, инженерлік жүйелері жаңартылып, сыртқы келбеттері сырланған. Сондай-ақ, мердігер мекемелер тарапынан қосымша орындықтар мен жарықшамдар орнатылған.
Бүгінгі таңға Тұрғын үй-коммуналдық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2020 жылы жөндеу жұмыстары жоспарланған 74 көпқабатты тұрғын үйге қосымша 58 үйдің құжаттары әзірленіп, ағымдағы жылы жалпы 132 көпқабатты тұрғын үйде жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Айта кетерлігі, 132 көпқабатты тұрғын үйдің ішінен 112 үйде күрделі құрылыс жұмыстары мердігер мекемелер тарапынан жүргізілуде.
Жалпы, Кентау қаласында 368 көпқабатты тұрғын үй бар. Қала бойынша 2019-2021 жылдар аралығында көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу іс-шара жоспарына сәйкес, 2021 жылы 73 үйді күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Пікір қалдыру