Түркістан өңірінде тұрғындарды баспанамен қамту бағытында жұмыс жүруде. Шардар ауданында да іс атқарылып жатыр.
Бүгін аудан әкімі Арман Қарсыбаев Шардара қаласында салынып жатқан 120 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысымен танысты. Бұл тұрғын үйлер халықтың әлеуметтік осал топтары және аз қамтылған көпбалалы отбасылары үшін салынуда. Арман Романұлы тұрғын үйлердің құрылысын аралап, мамандарға сапасы мен жұмыс қарқынын қадағалауды тапсырды.
Тұрғын үй құрылысын биыл қазан айында аяқтау жоспарланған.
Сондай-ақ аудан басшысы Шардара қаласы, Шардара-Жетісай бағытына кіші сәулеттік абаттандыру құрылысымен танысты. Ондағы сәулеттік жобаларды қарап, идеяларды талқылады.
«Тұрғын үй кезегінде жылдап тұрғандарды баспанамен қамту үшін барынша әрекет жасауымыз қажет. Білемін, мыңдаған тұрғын үй салуға бюджет қаражаты жетпейді, бірақ жылда аз-аздан сала берсек үй кезегінде тұрған жандарды баспанамен қамтып, қуаныш сыйлаймыз. Сол үшін қарқынды жұмыс істеуіміз керек. Сонымен қатар ауданға кіреберіс жерді және қала іштерін абаттандырып, келушілер мен аудан тұрғындарының көрікті мекенде жүруіне жағдай жасау басты міндеттеріміздің бірі екенін есте ұстайық», деді аудан әкімі.
Бағдарлама аясында тұрғындар күрделі жөндеу жұмыстарына жұмсалған қайтарымды қаржыны пайызсыз төлейді. Жөндеу жұмыстары тұрғын үй иелерінің 70 пайыз келісімімен жергілікті атқарушы органдарына жазған өтінішіне сәйкес жүргізілетін болады. Былтыр қаладағы 37 үйге ағымдағы және күрделі […]
В сфере модернизации жилищного фонда РК «Программы развития регионов до 2020 года» в 2019 году в г. Кентау капитально отремонтировано 44 многоэтажных жилых дома. В этих домах обновлены кровля и подвалы, инженерные сети, окрашены […]
Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаев КХ-72 «Шардара-Абай» бағытындағы облыстық маңызы бар автожолдың жөндеу жұмыстарының барысымен арнайы танысты. Жалпы ұзындығы 19 шақырымды құрайтын бұл жол аудан тұрғындары үшін стратегиялық маңызға ие. Себебі, бұл бағыт ауыл шаруашылығы […]
Пікір қалдыру