Шымкент қаласында 28-маусым күні заманауи стадионның құрылысы салтанатты түрде басталған болатын. Шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың өзі қатысып, іргетасының негізі ретінде капсуласын да салған еді.
Тарихи оқиғаға футбол ардагерлері мен қоғам белсенділері, «Ордабасы» клубының қызметкерлері, бапкерлері мен ойыншылары, БАҚ өкілдері мен жергілікті футбол жанкүйерлері де куә болған.
Қала әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сенсек, Тұран-2 шағын ауданында бой көтеретін жаңа стадионның сыйымдылығы 35 мың орындық. Аренаның аумағы 21 гектарды алады. Стадион құрылысын 2026 жылы аяқтау жоспарлануда. Жаңа спорт нысаны халықаралық матчтарды өткізуге арналған УЕФА талаптарына сәйкес бой көтереді. Архитектуралық дизайнмен салынатын сәулетті стадион мегаполистің көркін арттырады екен. Әкімдіктегілер сүйіншілеп шақырған шараға барып, ақсақалдардың ақ батасынан соң, ауыр техника жерді тегістеу жұмыстарына кіріскенін көріп куә болып қайтқан едік. Ғаламат нысан құрылысының басталуымен бір-бірімізді құттықтап, қуанышымыз қойнымызға сыймай кеткен болатын. Арадан екі жеті өткен соң, стадионның құрылыс қарқынын байқауға барсақ, баяғы жартас, сол жартас күйінде тұр. Әлгі ауыр техникалардың біреуі де көрінбейді. Құрылыс орнын тегістемек түгілі, жердің «мұртын» да бұзбаған.
Ал қала әкімі Ғабит Сыздықбеков капсула салған жерде үйінді тас ғана қалыпты.
Өз көзімізге өзіміз сенбей, «бәлкім біз басқа жерге келдік пе» деп, айналаны бір аралап шықтық. Төменгі суреттегі баннерлерден байқағаныңыздай, біз мекенжайдан адаспаппыз.
Анау бұрыштағы үй де өз орнын да тұр.
Әкімдікке хабарласып, расында құрылыс жұмыстарының әлі басталмағанын анықтадық. Айтуларынша, құрылысқа қажетті материалдар әлі келіп жатыр екен.
Сонда дейміз-ау, құрылыс материалдары дайын болмаса, екі жеті бұрын сонша неге жалған сүйіншілеп асықты екен? Арнайы шатыр құрып «спектакль» жасаудың қажеті қанша? Отыз жылда мұндай қойылымдардың талайын көріп, «тойып» едік. Бұл әдет «Жаңа Қазақстанда» да қалмайды екен-ау.
Айтпақшы, стадионның құрылысына бюджеттен қанша қаржы қаралғаны еш жерде айтылмады. Ол жайлы ақпарды әкімдіктің әлеуметтік желідегі парақшасынан да таба алмадық. Ал 35 мың орындық алып стадионды «Қазақ строй» құрылыс компаниясы салатын болыпты. Бұрын соңды біз естімеген мұндай компанияға үлкен ғимаратты сеніп тапсыруға болады ма?
Алып ғимараттар салып елге танылған компанияның өзі, Түркістанға кішігірім стадион сыйлаймын деп, үлкен ұятқа қалғаны баршаңызға белгілі. Қателеспесек, стадионды керемет салатын құрылыс компаниясы Қазақстанда жоқ. Бұл тұрғыда әкімдіктегілер «олардың шетелде стадион салып жүрген мамандармен серіктестігі бар» деп сендірді.
Хош! Жаңбырлы күні жаңа стадионда басымызға пакет немесе шелек киіп, футболшылар көлшіктерде жүзіп жүрмесе болғаны. Әзірге «басталды» деп қанша бақырғанымен, құрылысы басталмаған стадионның сапасы жайлы ой қозғау, тумаған сиырдың уызына дәметкендей ұят болып тұр…
Шымкент қаласында қауіпті індеттің алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізу жалғасып жатыр. Елімізде әлемдік пандемияға байланысты енгізілген төтенше жағдай мерзімі 2020 жылғы 11 мамырда аяқталғаны белгілі. Алайда тұтас елде шектеу шаралары біткен жоқ. Ширатып айтсақ, […]
Шымкент қаласында 8 сәуірде – 3, 9 сәуірде – 4 жағдай тіркелді — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. Айта кетцу қажет, науқастардың барлығы бұған дейін вирус анықталған 48 жасар азаматша мен 26 жасар азаматтың тығыз […]
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов коронавирус инфекциясының таралуын алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қарастырылған қосымша карантиндік төсек орындардың дайындығымен танысты. Қосымша карантиндік орындар қаладағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетіне қарасты №4, 5 […]
Пікір қалдыру