Түркістанға Венгрия мемлекетінен делегация келді. Оларды Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қабылдап, келіссөз жүргізді. Әріптестік орнатуға, жобаларға қолдау көрсетуге дайын әрі жаңа жұмыс орындарын көбейтуге мүдделі екенін жеткізді.
– Тарихи Түркістанға қош келдіңіздер. Алты жыл бұрын Түркістан облысы құрылды. Бұрын Оңтүстік Қазақстан облысы деп аталатын. Түркістан қаласы жаңа облыс орталығы болып бекітіліп, шаһардың жаңа дәуірі басталды. Біздің өңір тұрғындарының 80 пайыздан астамы ауылдарда тұрады. Сондықтан ауыл шаруашылығы саласы – басым бағыттардың бірі. Венгрияның үздік тәжірибелерін айналымға енгізуге, әріптестік орнатуға дайынбыз. Венгрия – біз үшін бауырлар әрі серіктес ел, – деді Дархан Сатыбалды.
Венгрияның Алматыдағы бас консулы Саболч Карой Сёке екі мемлекет арасындағы достық және экономикалық байланыс өте жоғары деңгейде екенін айта келе Венгрия инвесторларын Қазақстанға шақыруға, көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті. Ал «UBM GROUP» компаниясының бас директоры Хорват Петер жылы қарсы алған өңір басшысына алғысын білдірді.
– Біз Түркістан облысы аумағынан заманауи үлгідегі құрама жем зауытын салуды жоспарлап отырмыз. Бұл – ауыл шаруашылығының дамуына серпін береді. Жаңа жұмыс орындары ашылады. Бұдан өзге де жобалар бойынша әріптестік орнатып, талқылауға дайынбыз, – деді Венгрия инвесторы.
Айта кетейік, 1996 жылы құрылған «UBM Group» компаниялар желісі – Венгриядағы жетекші жем өндіруші. Жылына 450 мың тонна өнім шығарады. 4 құрама жем зауыты бар, Венгриядағы өсімдік шаруашылығы өнімдерінің ең ірі трейдерлерінің бірі. Астық, майлы дақылдар саудасының айналымы – жылына 1,5 млн тонна. Өнімдерін 15 елге экспорттайды.
Алдағы уақытта Венгрия инвесторы Түркістан облысы аумағынан құрама жем зауытының құрылысын бастамақ. Осы бағытта жұмыстар жүргізіледі.
Түркістанда Октябрь Жарылқапов атындағы стадионда “TURKESTAN CUP – 2024” атты футболдан халықаралық турнирдің екінші кезеңі өтті. Турнир «Түркістан – Түркі әлемінің туризм астанасы» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып, 2010, 2011, 2013-2014 және 2015-2016 жылы туған жасөспірімдер арасындағы […]
Түркістан облысын дамыту бағытында өңір тұрғындарының ұсыныс-пікірлері ескеріледі. Аудан, қала мәселелерін анықтауға және заңсыздықтарды жоюға тұрғындар белсене атсалысып жатыр. Осы ретте, облыс басшысы Дархан Сатыбалды мен оның орынбасарлары кестеге сәйкес жергілікті тұрғындарды жеке қабылдауда. Бұл […]
Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан бұған дейін қауіпсіз аймаққа 31 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланған болатын. Дәл қазіргі уақытта 24 эвакуация орындарынан су басу қаупі сейілген Мырзакент, Ақжол ауылдарының 17 мыңнан астам тұрғыны үйлеріне кері қайтарыла бастады. […]
Пікір қалдыру