Түркістан облысында соңғы жылдары көпқабатты тұрғын үйлер салу қарқынды жүріп жатыр. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды жаңадан салынып жатқан құрылыс жұмыстарын жаяу аралады. Салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің жағдайымен танысты. Құрылысына жауапты мердігер компаниялардың басшыларымен тілдесіп, бірқатар міндеттер жүктеді.
Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығында 5,7,9,12 жəне 20 қабатты 60 тұрғын үй салу (5 қабатты тұрғын үйлер) жоспарланған. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарын «ЕвроРемонтСервис» ЖШС, «Жаңа арна құрылыс» ЖШС, «Symkent Build» ЖШС, «PANA QURYLYS GROUP» ЖШС, «OTAU GROUP» ЖШС жүргізіп жатыр.
Биыл облыс көлемінде жалпы 114 көпқабатты тұрғын үйді пайдалануға тапсыру жоспарланып отыр. Оның ішінде, 41 үй, 2820 пәтердің құрылысы мемлекеттік бюджет есебінен жүргізіліп жатыр. Ал 73 үй, 3611 пәтер жеке инвесторлар есебінен үйлестірілуде. Облыс бойынша 2023 жылы көпқабатты 87 үй пайдалануға қабылданды. Оның ішінде, мемлекеттік бюджет есебінен 57 үй, 3051 пәтер болса, ал жеке салушылар есебінен 30 үй, 300 пәтер тапсырылған. Жалпы 900 мың мың шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға беріліп, 3 мыңға жуық отбасы жаңа пәтерге ие болды. Сонымен қатар 55 тұрғын үй күрделі жөндеуден өткен.
Түркістан облысында референдум күні таңғы 7:00-ден бастап барлық қоғамдық көліктер ақысыз қызмет көрсетіп жатыр. Мәселен, облыс орталығында 194 қоғамдық көлік қала тұрғындарын тегін тасымалдауда. Жалпы облыста 945 референдум учаскесі өз жұмысын бастады. Кешкі сағат 20:00-ге […]
Түркістан облысы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы мен Жергілікті полиция қызметі бірлесіп, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және полиция қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру іс-шарасын өткізді. Шара барысында тәртіп сақшылары облыс орталығындағы халық […]
Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жеке өтініші бойынша көпбалалы ананы қабылдады. Жеті баланың анасы Дина Айтимбетова аймақ басшысымен кездесуге Арыс қаласынан арнайы келген. «Алтын алқа» иегері барша арыстықтар мен өз отбасының атынан алғысын арқалай келгенін айтты. […]
Пікір қалдыру