Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданында сүт өндіру ісі қазіргі таңда қарқынды дамып жатыр. Сүт өндіру ісіне обылыс аумағында сүт фермаларын ашу ісі айрықша серпін бергенін атап айтуға болады.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Ордабасы ауданындағы кәсіпорындарды аралап, жоспарларымен танысты. Мемлекеттік қолдау бойынша кәсіпкерлердің ұсыныстарын тыңдады.
Бадам ауыл округіндегі «Бөрте Милка» ЖШС-нің жаңа технологиялы сүт өңдеу зауытында болған облыс әкімі аталған ұжымның жұмысына оң бағасын берді. Өндірістік қуатын арттыру, экспортқа шығару мәселелері назарда тұруы тиіс екенін жеткізді.
Жалпы «Бөрте Милка» сүт тауарлы тауарлы фермасы 3 кезеңмен іске асырылған. 2015 жылы сүт тауарлы ферманың құрылысы басталып, 1-ші, 2-ші сиыр қораларының құрылыстары жүргізілген. Швецияның «ДеЛаваль» компаниясымен ферманың құрал-жабдықтары, сиыр сауатын роботтары орнатылып, 136 бас сүтті бағыттағы асыл тұқымды ірі қара мал Венгрияның «Хунланд Трейд Кфт» компаниясынан сатып алынған.
2016 жылы 3-ші, 4-ші сиыр қораларының құрылыстары жүргізіліп, толығымен жабдықталып, тағы да ірі қара мал әкелінген. Ал 2017 жылы ІІІ кезең аясында тәулігіне 50 тонна сүт өнімдерін өңдейтін зауыттың құрылысы жүргізіліп іске қосылды. Сүт өңдеу зауытына Италия мемлекетінің «Технолат», «SPX», «FBF» компанияларының құрал-жабдықтары қойылған. 110 адам жұмыспен қамтылған.
Кәсіпорын жетекшісі өңір басшысына зауыттың өндірістік қуаттылығын тәулігіне қосымша 9 тоннаға дейін ұлғайту жобасын іске асырып жатқанын айтты. «Түркістан» ӘКК» АҚ-ы арқылы 2 млрд 498 млн теңге несие алынып, өндіріс аймағы ұлғаюда. Қосымша 400 бас ірі қара малға қоражай салынып жатыр.
Бүгінде Ордабасы ауданы әкімдігі әрбір ауыл округтің әлеуеті мен басым бағыттарын басшылыққа алып, жұмыс істеуді қолға алған бірден-бір аймақ десек артық айтқандық болмас еді. Әр ауылдың әлеуеті басшылыққа алып жұмыс істегеннің арқасында қазір ауданда мал бордақылау алаңдары мен жанұялық сүт фермалары жоғары деңгейде дамып, өз нәтижесін бере бастады.
Жалпы аудан бойынша «Ауыл аманаты» жобасына 4 ауылдық округ енгілген. Несие алуға ниет білдірген ауыл тұрғындарынан құжаттар қабылданып, бүгінгі таңда 1 млрд. 753 млн теңге құрайтын 337 жобаға өтініш түскен. Оның ішінде 1 млрд. 511 млн теңге құрайтын 232 жоба мақұлданып, жалпы соммасы 1 млрд 43 млн теңгеге 165 жоба қаржыландырылған.
Осы орайда мал бордақылау саласы бойынша ақпараттарды оқырман назарына ұсынамыз. Бордақылау дегеніміз — малды сапалы ет пен майды көп алу үшін сояр алдында жемге байлап қолдан семірту.
Ауданда бизнес-климатты жақсарту бойынша атқарылған жұмыстарды және ірі жобаларды іске асыру нәтижесінде ауданға биыл 9 айда 28 млрд теңге инвестиция тартылған. Бүгінгі таңда, инвестициялық құны 10 млрд теңгені құрайтын 9 жоба 302 жұмыс орнымен іске асырылуда. Жалпы, бюджеттік инвестициялардың үлесі – 21,4%, жеке инвестициялардың үлесі – 78,6% құрап отыр. Одан бөлек, ауданда жалпы өңірлік өнім көлемі 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 102,2 млрд теңгені құраған. Оның 59%-ы — ауыл шаруашылығына, 24,8%-ы — өнеркәсіпке, 8,5%-ы — саудаға, 7,7%-ы —құрылысқа тиесілі. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығында 55,9 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Айта кетейік, ауданда 57 елді мекеннің 51-і сапалы ауыз сумен, 9-ы табиғи газбен және толықтай орталықтандырылған электр желісімен қамтамасыз етілген.
Түркістан қаласы бүгінде қайта жаңарып, көптің қызығушылығын тудыруда. Құрылыс бастауға ниетті инвесторлар саны артып келеді. Әр ғимарат сәулетшілердің мақұлдауынан кейін ғана салынуы тиіс. Бұл мәселені облыс әкімі Дархан Сатыбалды бақылауда ұстап отыр. Сәулеттік жобалар талқыланған […]
Астанада Өзбекстан Республикасының Президенті Шавхат Мирзиеевтің Қазақстанға ресми іссапары аясында «Қазақстан-Өзбекстан» бизнес форумы өтіп жатыр. Көршілес елдің әлеуетті кәсіпкерлерімен тікелей байланыстар орнатылуда. Екіжақты келісімдер жасалып, сауда байланысын жандандыру мәселелері талқыланып жатыр. Форумға Түркістан облысы әкімінің […]
Кентаудағы Жылу энерго орталығында жыл басынан бері «ЭМ-холдинг» ЖШС «Қазандықтарды реконструкциялау» жобасы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуде. Бекітілген кестеге сәйкес №8, №11 қазандықтар бойынша жұмыстардың аяқталуы биылғы 30 тамызға, №9, №10 қазандықтар қыркүйектің екінші онкүндігіне, ал […]
Пікір қалдыру