Түркістан қаласы бүгінде қайта жаңарып, көптің қызығушылығын тудыруда. Құрылыс бастауға ниетті инвесторлар саны артып келеді. Әр ғимарат сәулетшілердің мақұлдауынан кейін ғана салынуы тиіс. Бұл мәселені облыс әкімі Дархан Сатыбалды бақылауда ұстап отыр. Сәулеттік жобалар талқыланған мәжілісте жаңа жобалар таныстырылды.
– Жаңа жобаларды жүзеге асыру бастамаларын қолдаймыз. Түркістан қаласында салынатын жаңа ғимараттардан шығыс және ұлттық сәулет нақыштары көрініс табуы керек. Сондай-ақ құрылыс бастайтын инвесторлар арнайы жұмыс жоспарын бекітіп, уақытында аяқтауы қажет. Көтеріліп отырған мәселелер бойынша нақты ұсыныстар беріңіздер, – деген Дархан Сатыбалды жауапты басқарма басшыларына тапсырмалар берді.
Мәжілісте бірқатар жаңа жобалар ұсынылды. Атап айтсақ, Әкімшілік-іскерлік орталығында бизнес орталықтары, әлеуметтік нысандар салу туралы ұсыныс беріліп, ғимараттарының үлгілері көрсетілді. Сонымен бірге Жаңа қала аумағында тұрғын үй салу жөнінде де ұсыныстар қаралды. Мәдени-рухани орталығында орналасқан Өнер мұражайы мен Қолөнершілер орталығы, «Достық үйінің» ішкі көрінісінің жобасы да талқыланды. Тозығы жеткен ғимараттарды қайта қалпына келтіру кезінде, сонымен қатар алдағы уақытта салынатын нысандардың қасбеттері мен қоршауларына және бояу түсіне баса мән беруді, бірізді етуде тапсырды.
Халық санының артуы, әсіресе тұрғын үй, мектеп, әлеуметтік нысандардың салынуын қажет ететіні анық. Осы орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылатын «Жайлы мектеп» жобасы аясында Түркістан қаласында 7 мектеп салынатынын айта кетелік.
Киелі шаһардағы құрылыс жұмыстары тек тұрғын үймен шектелген жоқ. Әкімшілік-іскерлік орталығында салтанаты мен сәулеті сай әкімшілік ғимараттары, «Алатау» медиа-орталығы, «Түркістан арена» стадионы, Оқушылар үйі, Конгресс-холл, заманауи теннис орталығы іске қосылды. Мәдени-рухани орталықта Қ.А.Ясауи мұражайы, «Керуен-сарай» кешені, «Фараб» кітапханасы, «Ұлы Дала елі» орталығы, драма театры, неке сарайы, туризм университеті бой көтерді. Құрылыс қарқыны әлі де бәсеңдемей, қаланың бас жоспарына сәйкес жүйелі жүргізіліп келеді.
Түркістан қаласында кіші футболдан «Әуесқой Футбол Лигасының» (ӘФЛ) 2024 жылғы күз-қыс маусымы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өңірдің спорттық өміріне жаңа серпін берді. Бұл шара Түркістан облысының құрылғанына 6 жыл толуына орай өткізілгені де оның маңызын арттыра […]
Облыс орталығында дәстүрлі өтетін «Turkistan Cup» кубогы сарапқа салынатын теңбіл доп додасы биыл да жалғасты. Бүгін жарыстың ашылуы «Керуен Сарай» көпсалалы туристік кешенінде өтті. Бәйгені Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев пен қалалық мәслихат төрағасы […]
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалық етуімен аппараттық мәжілісте осындай міндет қойды. Күн тәртібінде әуежайдың және онда баратын автомобиль жолының құрылысы мен көлік инфрақұрылымының жоспары, Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік және мәдени-рухани орталығында бой көтеріп жатқан нысандардың […]
Пікір қалдыру