Ағымдағы жылдың жиырма үш, жиырма бесінші тамыз аралығында Астана қаласындағы «EXPO» Халықаралық көрме орталығында он тоғызыншы Қытайлық тауарлар көрмесі өтті.
Көрмеге ауданымыздың «Хамит» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативының тауарлары қойылып, Шардара ауданы әкімдігінен аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев, аудандық ауыл шаруашылық бөлімнің басшысы Т.Әлімқұл, Көксу аауылдық округы әкімі Б.Кошхарбаев және бірқатар кәсіпкерлер барды.
Электромобильдер, ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтары, агротехнологиялар мен ауылшаруашылық өнімдері, автокөлік бөлшектері, құралдар, құрылыс материалдары, жарықтандыру құралдары, ванна мен ас үйге арналған керек-жарақтар, жиһаз, тұтыну тауарлары, тоқыма бұйымдары, аяқ киім мен бас киімдер, сөмкелер, азық-түлік, тұрмыстық техника, электр тауарлары және тағы басқаларды қамтитын ауқымды көрмеде инвестиция тарту және тәжірибие алмасу мақсатында кәсіпкерлер бірқатар Қытайлық компаниялармен келіссөздер жүргізді.
Өңірде жаңа оқу жылы қарсаңында бірқатар білім ошақтарында, сонымен қатар бірқатар денсаулық нысандарында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Шардара және Қазығұрт аудандарына жұмыс сапарымен барып, бірнеше әлеуметтік нысанды аралап көрді. Күрделі және […]
Қандай да бір аймаққа ат басын бұрып, сол елді мекеннің аумағынан аттаған адамның көзі ең алдымен өңірдің атауына түседі. Ол атау тасқа қашалып жазыла ма, мейлі арканың үстінде тұра ма, адамның санасында жатталып қалады. Ары […]
Шардара ауданында 2025 жылғы 6 мамырда Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Аудандық мәдениет үйінде өткен бұл маңызды жиынға мемлекеттік құрылымдардың басшылары, ауған соғысының ардагерлері, әскери қызметкерлер, бөлім басшылары және […]
Пікір қалдыру