Сарыағаш аудан әкімі Арман Абдуллаев «тұрғын үй-моммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында Сарыағаш қаласына қарасты Самал-3 мөлтек ауданында жеке инвестор есебінен салынып жатқан арендалық тұрғын үйлердің құрылыс-монтаж жұмыстарының барысын бақылады.
Айта кетсек, аталған жоба аясында 1,2 және 3 бөлмелі 54 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары жоспарланған. Тұрғын үйлердің іргетасы құйылып, кірпіш қалау жұмыстары аяқталып шатыры жабылған. Бүгінде, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.
Нысан басында болған аудан басшысы мердігер мекеме өкіліне тұрғын үйлер аудан тұрғындарының игілігі үшін салынып жатқандықтан сапалы, берік болуы қажеттігін ескертті. Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Е. Қосмұратовқа құрылыс барысынды баяндап тұруды, бақылауды күшейтуді тапсырды.
Бұдан кейін аудан басшысы Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласына қарасты Телемұнара шағын ауданында «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында бой көтеріп жатқан 900 орындық мектептің құрылыс жұмыстарының мән-жайымен танысты.
Қазіргі таңда, мектеп ғимаратының А, Г және В блогтарында кірпіш қалау, сыртқы ауланың топырақтарын нығыздау жұмыстары жүргізілуде. Жалпы құрылыс жұмыстарына 104 адам жұмылдырылған.
Келесі кезекте аудан әкімі А. Оспанов көшесінің бойындағы «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан 300 орындық білім ордасының құрылыс жұмыстарының барысын бақылады.
Мектеп ғимаратының жер жұмыстары толығымен аяқталып, бүгінгі таңда ғимараттың бірінші қабатына кірпіш қалау және жертөледе сылақ жұмыстары жүргізілуде. Жалпы құрылыс алаңында 30 адам жұмыс атқаруда.
Құрылыс жұмыстарының басында болған аудан басшысы жауапты мердігер мекеме өкіліне құрыс жұмыстарының қарқынын күшейтуді, жұмысшыларды 100-ден асыруды, сонымен қатар жоспарға сәйкес сапалы аяқтау қажет екенін жеткізді.
2025 жылы Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы басты бағыттардың бірі – тұрғын үй құрылысы саласы болып отыр. Облыстағы халық санының артуы, урбанизация процесінің жеделдеуі және инфрақұрылымдық қажеттіліктер тұрғын үйге деген сұранысты арттырды. Осыған орай, биыл өңірде […]
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Темір Қырықбаев ауданға арнайы жұмыс сапары барысында ауданға қарасты Жартытөбе ауылдық округіндегі орналасқан темір өнімдерін дәнекерлеп, өз өнімін ұсынатын дәнекерлеу цехының жұмысымен танысты. Бүгінгі таңда өндіріс орны тәулігіне 50 дана […]
Жергілікті бюджеттен ипотекалық негізде тұрғын үй сатып алушыларға жалпы сомасы 300 млн теңге көлемінде тұрғын үй сертификаты беріледі. Әзірге сертификатқа өтінімдер қабылдау басталған жоқ. Хабарландыру қала әкімдігінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында, бұқаралық ақпарат құралдарында алдын […]
Пікір қалдыру