Бас прокурордың тапсырмасы негізінде Мақтаарал ауданының прокуратурасы аудан аумағында «Борышкер» жедел-профилактикалық рейдтік іс-шарасы өткізілуде.
Рейдтік іс-шараның мақсаты – мемлекет пайдасына әкімшілік айыппұлдарды өндіру және ірі көлемде қарызы бар алимент төлеуден жалтарған борышкерлердің, көлік құралдарын ұстап, қарыз берешектерін төлемеген жағдайда автокөліктерін айыппұл тұрағына қоюға бағытталған жұмыстарды жүргізіп, мәжбүрлі түрде орындату болып табылады.
Аудан прокуратурасы алимент төлемегені үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік, сондай-ақ 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін ескертеді.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 893-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлға айыппұлды қаулы заңды күшіне енген күннен бастап 30 (отыз) тәуліктен кешіктірмей төлеуге тиіс. Төленбеген жағдайда осы Кодекстің 894-бабына сәйкес, айыппұл салу туралы қаулыны немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы сот, уәкілетті орган (лауазымды адам) жауаптылыққа тартылған тұлғаның жалақысынан немесе өзге де кірістерінен айыппұл сомасын мәжбүрлеу тәртiбiмен ұстап қалу үшiн ол жұмыс iстейтiн не сыйақы, зейнетақы, стипендия алатын ұйымның әкiмшiлiгiне жiбередi. Егер айыппұл салынған жеке тұлға жұмыс iстемейтін болса немесе басқа да себептер бойынша айыппұлды жалақысынан немесе өзге де табыстарынан өндiрiп алу мүмкiн болмаса, қаулыны шығарған сот, уәкілетті орган айыппұл салу туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы ҚР-ның заңнамасында көзделген тәртiппен мәжбүрлеп орындату үшiн сот орындаушысына жiбередi.
Пікір қалдыру