«Жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу» бағыты шеңберінде Жетісай ауданында Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары өкілдерінің қатысуымен «ҚОНЫС АУДАРУ» жәрмеңкесі өтті. Аталмыш шараға 250-ге жуық жергілікті тұрғын қатысып, өздеріне қажетті мәліметтерден құлағдар болды.
Республикамыздағы халқы тығыз орналасқан, жұмысшы күші көп аймақ саналатын Түркістан облысынан жұмыс күші жетпейтін Солтүстік өңірлерге 2015 жылдан бері 3689 отбасының 14 126 мүшесі қоныс аударған. Бұл республика бойынша қоныс аударушылардың 33 пайызын құрайды.
Жетісай аудандық «Мансап» орталығының ұйымдастыруымен өткен «Қоныс аудару» жәрмеңкесіне аудан әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков пен «Amanat» партиясы Жетісай аудандық филиалының атқарушы хатшысы Асқар Қайназаров қатысты. Жәрмеңке барысында Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарынан келген делегация мүшелері өңірлердің жай-күйімен, жергілікті азаматтардың тыныс-тіршілігімен, өңірдің перспективасымен таныстырды. Қоныс аударуға ниетті азаматтармен тілдесіп, мемлекет солтүстік облыстарға қоныс аударған азаматтардың отбасы мүшелеріне бір рет 70 АЕК (258 440 теңге) мөлшерінде ақша, алғашқы уақытта үй жалдауға қаржы берілетінін, сонымен қатар, қысқа уақытқа кәсіби оқуға жіберіп, жұмысқа тұрғызу, жеңілдікпен баспана алуға көмектесуді міндетіне алатынын түсіндірді.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің биылғы жылға бөлген 7050 квотасы негізіген Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Абай, Ұлытау және Қарағанды облыстарының еншісінде.
Айта кетейік, мұндай жәрмеңкелер Жетісай ауданымен қатар Мақтарал, Сарыағаш, Келес, Қазығұрт, Түлкібас, Ордабасы, Сайрам және Бәйдібек аудандарында да өткізілетін болады.
25 қазан – Республика күні мерекесінде Түркістан қаласында жалпы білім беретін 600 орындық мектеп пайдалануға берілді. №35 мектептің ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, ұстаздарды, оқушыларды және ата-аналарды құттықтады. – Алдымен баршаңызды Республика […]
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккен ауылдардың егістік алқасының 50 пайызы қалпына келтірілді. Мақтаарал ауданы аумағында жалпы 994 агроқұрылымға тиесілі 5695 гектар егістік жер тасқын судан зақымданған болатын. Оның ішінде мақта — 3939,4 […]
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту, тұрғындардың өмір сүрулеріне қолайлы орта қалыптастыру мақсатында Мақтаарал ауданында 6 млрд теңгенің ауқымды жұмыстары жүргізілуде. Қайта құрылғанына биыл 6 жыл толып отырған Мақтаарал ауданында […]
Пікір қалдыру