Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Жетісай спорт клубы» КММ мен Мұхамеджан Бейсенбайұлының ұйымдастыруымен Жетісай қаласындағы «Бекзат Саттарханов» атындағы көпбейінді спорт кешенінде ересектер арасында волейболдан ауданаралық турнир болып өтті.
Жетісай, Мақтаарал және Төле би аудандарының «Құрметті азаматы», еңбек ардагері Қадыров Бейсенбай Тәукебайұлының 100 жылдығына арналған байрақты бәсекенің салтанатты ашылуына Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Тұрышбек Елшібаев пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Айтбай Маханбет, Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Жетісай спорт клубы» КММ директоры Таласхан Битуреев пен спорт ардагерлері, Бейсенбай Тәукебайұлының ұрпақтары қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.
Қоғамда ұрпақтар сабақтастығын насихаттауға, бұқаралық спортты дамытуға, тұрғындар арасында волейбол спортына деген қызығушылықты арттырып, аға буын өкілдерінің ізін басқан жас спортшыларға тәжірибелерімен бөлісуге, қаржы саласының майталманы Бейсенбай Қадыровты еске алуға арналған жарысқа Жетісай мен Мақтаарал аудандарынан 10 командада 100-ге тарта спортшы қатысып, бақтарын сынасты.
Қадыров Бейсенбай Тәукебайұлы 1924 жылы 25-мамырда ОҚО, Созақ ауданында дүниеге келіп, еңбек жолын 1943 жылы Легнгір ауданының Қара төбе колхозында колхозшы болып бастаған.
1944-1945 жылдары Георгиевка аудандық атқару комитетінде нұсқаушы, 1945-1946 жылдары аудандық милиция бөлімінде қызмет атқарған. 1946-1958 жылдары аралығында Ленгір, Шымкент қалаларымен қатар Мақтаарал аудандарының қаржы салаларында басшылық басшылық жасаған.
1958-1960 жылдары Мақтаарал ауданы атқару комитеті төрағасының орынбасары, 1960-1961 жылдары Славьян совхозының директоры, 1961-1962 жылдары Мақтаарал орталық базаның директоры, 1962-1965 жылдары Қызылқұм аудандық қаржы бөлімінің бастығы, 1965-1966 жылдары Сүткент совхозы партия комитетінің хатшысы, 1966-1967 жылдары Ленгір аудандық партия комитетінде нұсқаушы, 1967-1977 жылдары Ленгір қалалық қаржы бөлімінің меңгерушісі, 1977-1990 жылдары Жетісай аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі қызметтерін абыроймен атқарып, зейнетке шыққан 1990 жылдан 1994 жылдар аралығында Жетісай аудандық атқару комитетінде тұрақты комиссияның төрағасы болған.
Елдің игілігі мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан қажырлы еңбегі еленіп, «Тың жерлерді игергені үшін» медалімен 2 рет, «Еңбек арагері», «Ерен еңбегі үшін», «Лениннің туғанына 100 жыл», «1941-1945 жылдардағы Соғыс ардагері», «Ұлы Отан соғысына 50 жыл» медальдарымен қатар ҚазақССР-і Кеңесінің грамотасымен марапатталған.
Командалар арасында өзара тартысты өткен ойындар төрешілердің бекіткен ережесіне сай қорытындыланып, жүлделі ІІІ орынға «Ардагерлер» командасы табан тіресе, ІІ орын Мақтаарал ауданының «Мырзакент» командасының ойыншыларына бұйырды. Ал, жүлделі І орын Жетісай қаласының «Б.Момышұлы» мектеп-гимназиясының әуе доп шеберлерінің қанжығасына байланып, чемпион атанды.
Жүлделі орынға ие болған командалар мен үздік ойын үлгісін көрсеткен жекелеген ойыншылар сайыс соңында ұйымдастырушылардың қаржылай сыйлықтарымен, медальдарымен және дипломдарымен марапатталды.
Жетісай ауданы, Қарақай ауылдық округінде пайдалануға берілген спорт алаңшасының салтанатты ашылу рәсіміне Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов пен аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов, «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалының атқарушы хатшысы Асқар Қайназаров пен ауыл ақсақалдары, […]
Жетісай ауданының аумағында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің 11.09.2024 жылғы №2586 санды хатына сәйкес «Бүкіләлемдік тазалық күні» аясында ауқымды сенбілік өтті. Аталмыш сенбілікке мемлекеттік және квазимемлекеттік мекеме қызметкерлері […]
«Баспанаға жол» қоғамдық қайырымдылық қоры арқылы 17 отбасыға баспаналы болу бақытын сыйлады. Баспана кілтін тапсыру рәсіміне Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов, облыстық мәслихат депутаты Талғат Қаржауов, Жетісай ауданының […]
Пікір қалдыру