АЭС САЛУ — МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

Атом электр станциясын салу бойынша референдум қарсаңында өңірде түсіндіру жұмыстары қарқын алып келеді. 

АЭС – жасыл энергетиканың бір түрі және оның маңызы зор. Қазақстан уран қоры бойынша әлемдегі көшбасшы елдердің бірі болғандықтан, бұл ресурсымызды пайдалану маңызды. Халық арасында неге жаңартылатын энергия көздерін дамытпаймыз деген сұрақтар туындап жатыр. Бұл сала да дамып келеді, алайда оның қуаты шектеулі. Мысалы, жел электр станцияларының қуат коэффиценті 35%, күн электр станцияларының қуаты 18% ғана. Ал АЭС қуат коэффиценті 90%-ға дейін жетеді, бұл оны тиімді және тұрақты энергия көзіне айналдырады

АЭС салу технологияларын ұсынатын бірнеше ел бар, және солардың ішінде 4 компания ғылыми-технологиялық әлеуеті негізінде таңдалып алынған. Құрылыс барысында қауіпсіздікке ерекше мән беріліп, бұрынғы апаттардан сабақ алынады. Алматы қаласындағы Ядролық физика институтының зерттеулері бойынша, АЭС-тің зияны өте төмен екендігі дәлелденген.

 

Салтанат Құдайбергенова

Мақтарал аудандық орталық кітапхана қызметкері

 

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*