АЭС салуды жөнінде Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаттары М.Сәрсенов, Н.Байсейтов №2 балалармен жасөсіпірімдер спорт мектебі және «Мырзакент» спорт клубының спортшыларымен кездесіп, 6 – қазанда өтетін референдум бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халқына Жолдауында 6-қазанда АЭС бойынша референдум өткізілетіндігін айтқан болатын. Президентіміз: «ЖаҺандық энергия тапшылығының өсуін ескере отырып, біз сенімді және экологиялық таза энергия көздеріне аса мұқтажбыз. Сондықтан менің ойымша, атом энергетикасының дамуына барынша назар аударуымыз қажет» деді. Мемлекет басшысы бұл мәселені халықпен бірге ойластырылған шешім қабылдау арқылы жүзеге асырып, қоғамдық стратегиялық сипаттағы жоспарларды кеңінен талқылау қажеттігін тапсырды. Атом электр электр станциясындағы апаттардың адам денсаулығы мен экожүйелер үшін, әсіресе халық тығыз орналасқан және осал табиғи аймақтарда ұзақ мерзімді экологиялық салдары қандай болады? – деген сұрақтың халықты алаңдатары анық. Мамандардың айтуынша, атом электр станцияларын салу және пайдалану кезіндегі қауіпсіздік бірінші кезектегі мәселе. Азаматтардың денсаулығын, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау – мемлекеттің басым бағыттарының бірі. Электр энергияның тұрақты және қолжетімді тарифтері өндірістегі үстеме шығындарды азайтуға ықпал ете отырып, экономикамыздың өсуіне, инфрақұрылымның дамуына әсер етеді. Бұл ауқымыды жоба қазақстандықтарға тұрақты және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Жаңа жолдар,мектептер, тұрғын үйлер, ауруханалар салынып әл-ауқатымыз арта түседі. Жалпы, бүгінгі кездесуде штаб мүшелері АЭС бойынша осындай ұтымды жақтарды насихаттап, атом электр станциясын салудың ел-халқымыз үшін тиімді екенін, алпауыт елдермен бәсекелестік орнатып, бизнестің дамуына жол ашатындығын айтты.
Пікір қалдыру