Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі мен жергілікті полиция қызметі инспекторлары мен аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-мен біргелікте бекіткен іс-шара жоспарына сәйкес Мырзакент кентінде түнгі рейдтік шаралары жүргізілуде.
Басты мақсат – кәмелетке толмағандар арасында орын алуы ықтимал қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу, түнгі уақыттарда ата-анасынсыз үй-жайынан тыс жерлерде, нақтырағы, компьютерлік ойынханалар мен мейрамханаларда болуларына тыйым салу, бала тәрбиесіне немқұрайлылық танытатын ата-аналарды анықтап, тиісті шаралар көру, карантиндік режим уақытында қауіпсіздік және санитарлық талаптарды сақтауға дағдыландыру болып табылатын профилактикалық шара барысында жеке кәсіпкерлерге түнгі 22:00-ден кейін кәмелетке толмаған жасөспірімдерді заңды өкілдерінсіз ғимаратқа кіргізбеу, оларға темекі бұйымдары мен спирттік ішімдіктерді мүлдем сатуға болмайтындығы жайында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілген түнгі рейд барысында тәртіпті бірінші рет бұзып, үй-жайынан тыс жерде заңды өкілдерінсіз жүрген кәмелеттік жасқа толмағандарға ескерту жасалды. Алдағы уақытта тұрақты түрде жүргізілетін рейд барысында екінші рет тағы анықталса хаттама толтырылып, айыппұл салынатындығы қатаң ескертілді.
Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, «Айғақ Медиа» холдингінің директоры Дулат Әбіш бастаған БАҚ өкілдері мен өлкетанушылар Мақтаарал ауданына арнайы іс-сапармен келіп, Мырзакент кентіндегі «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» саябағында орналасқан мемлекет қайраткері, марқұм Айтмұхаметов Қосман Қайыртайұлының ескерткіш-бьюстінің айналасына […]
Түркістан облысы Мақтарал ауданында су тасқыны салдарынан эвакуацияланған 17 000 адам үйлеріне қайтарылатын болды. Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы эвакуацияланған Мырзакент кенті мен Ақжол ауылының тұрғындары өз үйлеріне оралатын болды. Облыстық төтенше жағдайлар штабы үздіксіз жүргізген […]
Атом электр станциясын салу бойынша референдум қарсаңында өңірде түсіндіру жұмыстары қарқын алып келеді. АЭС – жасыл энергетиканың бір түрі және оның маңызы зор. Қазақстан уран қоры бойынша әлемдегі көшбасшы елдердің бірі болғандықтан, бұл ресурсымызды пайдалану […]
Пікір қалдыру