Мегаполистің барлық аудандарында абаттандыру және көгалдандыру, аумақты тазарту және жинау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қаратау ауданы аумағында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы қатышушылардың қарасы көп. Бұл бастаманың негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғаудың маңызды мәселелері мен экология мәселелеріне жұртшылықтың назарын аудару. Нұртас шағынауданындағы Даналық көшесінде жүргізілген тазалық жұмыстарына 200 адам қатысты. Акция барысында аумақ қоқыстан тазартылып, тұрмыстық қалдықтар сыртқа шығарылды, көгалдар қырқылып, жасыл желек қалпына келтірілді.
Тазалық акциясына қалалық “Amanat” партиясы қызметкерлері, “Жастар рухы” жастар қанаты мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары және аудан әкімі аппараты қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар қатысып, белсенділік танытты.
Сондай-ақ, Қаратау ауданында акцияға Нұрсат шағынауданының көпқабатты үйлерінің тұрғындары қатысты. Соңғы акциялардың біріне №37-49 үйлердің 400-ге жуық тұрғыны қатысты. Тұрғындар үйлердің аумағын қоқыстардан тазартты. Шағынаудан тұрғындарының негізгі бөлігі акцияға белсенді қатысқан балалар мен жасөспірімдер. Олар үшін акция – ересектерге көмектесу және достарымен, отбасымен бірге ашық ауада уақыт өткізу. Қатысушылар балаларды тазалау жұмыстарына тарту қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыруға көмектесетінін атап өтті.
Санитарлық шараларға 9 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде көлемі 20 тоннадан астам қоқыс шығарылды.
Республикалық “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында Қаратау ауданы аумағында 5 негізгі бағыт бойынша 22 рет тазалық жұмыстары (сенбіліктер) ұйымдастырылды. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.
Республика бойынша жастар ресурстық орталықтары мен жастар ұйымдарының бастамасымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталды. Науқан бес аптаға созылады. Əр аптаның өзіндік атауы мен нақты мақсаты бар.
Науқанның бірінші аптасы «Таза өлке» деп аталады. Бастапқы жеті күн ішінде елдімекендердің тұрғындары, қоғам белсенділері, ұйымдар мен кəсіпорындардың қызметкерлері іргелес аумақтар мен белгіленген аулаларды тазалайды.
«Тазалық – денсаулық кепілі». Осы сөзге жай күндері мән бермейтініміз рас. Бірақ, бүгінде көптеген қатерлі аурулардың көбейуіне экологиялық тепе-теңдіктің бұзылып, ауаның ластануы себеп болып отыр. Ал, бұған қазірде біздің еліміз ғана емес, әлем елдері алаңдаушылық білдіруде. Өйткені, табиғи апат емес, қоршаған ортаға адамзаттың қолымен жасалып отырған залал жер тұрғындарына қауіп төндіріп тұр. Соңғы жиырма жылда әлем халықтарының тұтынған тұрмыстық қалдықтары, соның ішінде полителлиннен жасалған құтылар мен қалталар жердің бетін де, астын да ластап жатыр. Тіпті бойындағы химиялық қоспалардың нәтижесінде ұзақ жылдар бойы шірімейтін бұл қалдықтар жердің демін бітеп, көгал алқаптарды қуратып, құм суырған тақырға айналдыра бастады. Оның зардабын қазірде тартып отырмыз. Енді адамзат мекені – жер шарын апаттан аман сақтап қалудың жалғыз ғана жолы – тазалық сақтау және сол тазалықты әр адам өз ауласынан бастауы тиіс.
Шымкент қаласында қазақ руханиятының биік шыңы – Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «Абай әлемі» атты республикалық байқау табысты түрде өз мәресіне жетті. Ұлы ақынның өмірі мен мұрасын кеңінен дәріптеуді мақсат еткен бұл байқау бұған дейін қалалық […]
Шымкент қаласында ағымдағы жылдың 1–14 тамызы аралығында «Таза Қала» атты ауқымды профилактикалық іс-шара өткізілуде. Іс-шараның негізгі мақсаты – қала аумағында санитарлық тазалық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, тұрғындардың құқықтық және экологиялық мәдениетін арттыру, сондай-ақ тыныштықты […]
Шымкентте экологиялық шара “Киелі мекен” тақырыбы аясында өтіп жатыр. Акция барысында үшінші мегаполистегі тарихи орындар тазартылды. Шараға қаладағы 5 ауданға қарасты коммуналдық мекеме қызметкерлері мен Жастар ресурстық орталығының белсенділері атсалысты. Олар Қаратау ауданына қарасты Сайрам […]
Пікір қалдыру